Дәулет Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік техникалық университеті

Ғылыми жұмыс және инновация жөніндегі проректор

Гавриленко Олег Дмитриевич

Туылған жылы 1961, геология-менералогия ғылымдарының кандидаты.

2012 жылғы қаңтар айынан бастап Д. Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік техникалық университетінің ғылым және халықаралық ынтымақтастық жөніндегі проректоры болып тағайындалды.

О.Д. Гавриленко 1984 жылы Иван Франко атындағы Львов мемлекеттік университетін «Геохимия» мамандығы бойынша тәмамдады.

Ғылыми-зерттеу ұйымдары мен жоғары оқу орнында 28 жыл бойы жинақтаған өндірістік және ғылыми-педагогтік жұмыс тәжірибесі бар: Қ.И. Сәтпаев атындағы Геология ғылымдары институтының Алтай бөлімі, «Недра» ШҒЗК, Д. Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік техникалық университеті.

2006 жылдан бастап Д. Серікбаев атындағы ШҚМТУ Ғылыми-зерттеу жұмыстары және инновациялық қызмет департаментінің директоры болып жұмыс істеді.

О.Д. Гавриленконың ғылыми қызметі минералогия, геохимия, минералды шикізатты тереңдетіп қайта өңдеу, геология мен кен ісіндегі ақпараттық технологиялар мәселелері жөніндегі зерттеулермен байланысты. Аталған бағыттар бойынша ол 60-тан астам мақала мен оқу-әдістемелік құрал жариялады.

О.Д. Гавриленко 2006 жылы 25.00.05 «Минералогия, кристаллография» мамандығы бойынша кандидаттық диссертация қорғады: оның тақырыбы «Шығыс Қазақстанның сирекметалды объектілерін іздестіру мен бағалау кезіндегі минералдар типоморфизмі және минералогиялық карталау».

Ол Д. Серікбаев атындағы ШҚМТУ-да инженерлік бейіндегі «ІРГЕТАС» зертханасын құру жобасының жетекшісі болды, қазіргі кезде онда келесі бағыт бойынша зерттеулер жүргізілуде: «Тау-кен металлургиялық өнеркәсіп ресурстарын кешенді пайдалану негізінде жаңа материалдар алудың жоғары технологиялары».

О.Д. Гавриленконың бастамасы бойынша университетте конструкторлық желі бюросы бар студенттік технологиялық «Бастау» бизнес-инкубаторы құрылды.


phone Қабылдау бөлмесінің телефоны: 8 (7232) 260-540

e-mail E-mail: ogavrilenko@ektu.kz