Дәулет Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік техникалық университеті

Текст с ошибкой:


Комментарий:


Оқу-әдістемелік жұмысы жөніндегі проректордың м.а.

Линок Николай Николаевич

1954 жылы туылған, экономика ғылымдарының кандидаты, доцент, Д.Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік техникалық университетінің оқу-әдістемелік жұмысы жөніндегі проректордың м.а..

Жоғары оқу орнында, оны бітірген соң, 1976ж. бастап ассистент, аға оқытушы, политэкономия кафедрасының доценті болып еңбектенді. 1989ж. бастап 2001ж. аралығында - ШҚМТУ-дың (ӨҚЖИ) политэкономия, экономикалық теория, экономикалық теория және Қазақстан тарихы кафедрасының меңгерушісі болды. 2001ж. - университетте құрылған гуманитарлық білім беру орталығының директоры, 2002ж. оқу және әдістемелік істер жөніндегі проректор болып тағайындалды. 2015ж. аяғында - 2016ж. басында қайта дайындау және жаңа білім технологиялары институтының директоры, ақпараттық технологиялар және бизнес факультетінің деканы болып жұмыс істеді. 2016ж. сәуір айынан бастап оқу-әдістемелік және тәрбие жұмысы жөніндегі проректордың міндеттерін атқаруда.

1982ж. М.В. Ломоносов атындағы ММУ-нің күндізгі аспирантурасын тәмамдады және экономика ғылымдарының кандидаты ғылыми дәрежесін ізденіп, диссертация қорғады. 1988ж. доцент ғылыми атағы берілді. Қазақстанның Педагогика ғылымдары академиясының корреспондент мүшесі. 

Экономикалық пәндер бойынша оқу үдерісін әдістемелік қамтамасыз ету және жетілдіру саласында белсенді түрде жұмыс істеуде. Бірқатар оқу және әдістемелік жұмыстар жариялады. Техникалық ЖОО-ның оқу үдерісін ұйымдастыруды жете біледі, әдістемелік жұмысты ұйымдастыруда қажетті дағдыларға ие, университеттің Оқу-әдістемелік кеңесінің төрағасы болып табылады. Әр түрлі, соның ішінде халықаралық, оқу-ғылыми-әдістемелік конференцияларға қатысады. «Инженерлік ЖОО-ның халықаралық оқытушысы» атағының иегері.

Н.Н. Линок оқу-әдістемелік істерді ғылыми-зерттеу жұмысымен ұштастыра біледі. Шаруашылық механизмнің саяси-экономикалық проблемаларын зерттеумен айналысады. Нарықтық экономикаға ауысу жағдайында барлық назарын шаруашылық жүргізудің жаңа түрлеріне аударды. Үш ұжымдық монографияның бірлескен авторы.

Практикалық жұмыс тәжірибесі бар: 1995-1996жж. Шығыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары болды.

Қабылдау бөлмесінің телефоны: 8 (7232) 54-04-95

Қабылдау бөлмесінің электронды адресі: MSamadieva@ektu.kz