Дәулет Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік техникалық университеті

Текст с ошибкой:


Комментарий:


Университеттің төлқұжаты

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің «Д.Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік техникалық университеті» республикалық мемлекеттік кәсіпорыны өзінің білім беру қызметін 1958 жылдан бастап жүргізеді, және де еліміздің экономикасы үшiн бакалавриат, магистратура мен PhD докторантурының инженерлiк-техникалық, ақпараттық-технологиялық, экономика-басқарушылық, ғылыми-жаратылыстану, сәулеттік-дизайнерлік мамандықтарының кең спектрі бойынша мамандар дайындығын қамтамасыз етедi.

Жоғары оқу орны КСРО Министрлер Кеңесінің 5 тамыздағы № 866 Қаулысына және Қазақ КСР Министрлер Кеңесінің 30 тамыздағы № 765 Қаулысына сәйкес 1958 жылы құрылды және «Өскемен құрылыс-жол институты» (ӨҚЖИ) атауына ие болды.

1996 жылғы 7 мамырда Өскемен құрылыс-жол институты ҚР Үкіметінің № 573 Қаулысымен Шығыс Қазақстан техникалық университеті болып қайта құрылды. Жоғары оқу орнының өтінімі бойынша ҚР Үкіметінің 03.11.1997 ж. № 1485 Қаулысымен оған тұңғыш ректор Дәулет Серікбаевтың есімі берілді.

1999 жылы университетте, Республиканың шығысындағы бірден-бір жоғары оқу орнында, ҚР Үкіметінің 07.09.1999ж. № 1319 «ШҚМУ-да әскери кафедра құру туралы» қаулысы, ҚР БжҒМ-нің 04.10.1999ж. № 155 «ҚР Үкіметінің қаулысын іске асыру туралы» бұйрығы, ректордың 29.10.1999ж. № 247 «Д.Серікбаев атындағы ШҚМУ-да әскери кафедра ашу туралы» бұйрығы негізінде әскери кафедра ашылды. 

2001 жылғы 31 қаңтарда ҚР Үкіметінің № 163 Қаулысымен Д.Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан техникалық университеті «Д.Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік техникалық университеті» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорыны (ШҚМТУ) болып қайта аталды. 

2012 ж. ҚР Үкіметінің 28.04.2012 ж. № 544 қаулысымен «Д. Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік техникалық университеті» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорыны «Д. Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік техникалық университеті» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорыны болып қайта өзгертілді.

2009 жылғы 18 қарашада Д.Серiкбаева атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттiк техникалық университетi Тараз декларациясына қосылып, оның қағидаларын iске асыру бойынша өзіне мiндеттемелер алды. Қазақстан Республикасы университеттерiнiң меморандумы (.pdf, 192Кб).

2010 жылғы 17 қыркүйекте жоғары оқу орны Университеттердiң Ұлы Хартиясына қол қойды.

ШҚМТУ-дың Сапа менеджменті жүйесі (СМЖ) National Quality Assurance Limited уәкiлетті ұйымымен ИСО 9001:2008 стандартының талаптарына сәйкестiлікке бағаланып, тiркеуден өтті (Сәйкестiлік сертификаты № 20688 2015 жылғы 28 маусымға дейін әрекет етті). 2015 ж. 12 мамырдан бастап 15 мамыр аралығында Д. Серiкбаева атындағы ШҚМТУ-да ресертификациялық аудит өтті. Аудитті Intertek International Kazakhstan компаниясы өткізді (Сәйкестiлік сертификаты № QMS 150432-01, әрекет ету мерзімі 2018 ж. 16 маусымға дейін).

Қазiргі кезде ШҚМТУ - Қазақстанның ең iрi жоғары оқу орындарының бiрi, Шығыс Қазақстан облысындағы алдыңғы қатарлы ғылым, білім және мәдениет орталығы. Университет құрамында 3 факультет, 22 кафедра бар.