Дәулет Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік техникалық университеті

Текст с ошибкой:


Комментарий:


Тарихи анықтама

Жоғары оқу орны КСРО Министрлер Кеңесінің 1958 жылғы 5 тамыздағы Қаулысымен және ҚазКСР Министрлер Кеңесінің 1958 жылғы 30 тамыздағы «Өскемен құрылыс-жол институтын құру туралы» Қаулысымен 1958 жылғы 1 қыркүйектен бастап құрылды. Жоғары оқу орны Үкіметтің 1996 жылғы 7 мамырдағы Қаулысымен Шығыс Қазақстан техникалық университеті болып қайта құрылды. 

Жоғары оқу орнының өтінімі бойынша ҚР Үкіметінің 1997 жылғы 3 қарашадағы Қаулысымен оған Дәулет Мірқасымұлы Серікбаевтың - Өскемен құрылыс-жол институтының тұңғыш ректорының есімі берілді.

2001 жылғы 31 қаңтарда ҚР Үкіметінің № 163 Қаулысымен Д. Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан техникалық университеті «Д. Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік техникалық университеті» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорыны (ШҚМТУ) болып қайта аталды. 

2012 ж. ҚР Үкіметінің 28.04.2012 ж. № 544 қаулысымен «Д. Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік техникалық университеті» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорыны «Д. Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік техникалық университеті» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорыны болып қайта өзгертілді.