Инновациялық қызмет

Ғылыми-зерттеу жобаларын коммерциялау және оларды одан әрі өндіріске енгізу мақсатында, 2012 жылдың 25 шілдесінен бастап «Технологиялық даму бойынша ұлттық агенттік» АҚ қолдауымен Д.Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан техникалық университетінде Технологияларды коммерциялау кеңсесі жұмыс бастады. ЖОО инновациялық қызметінің әртүрлі бағыттары бойынша жұмыс уақыты ішінде университет қызметкерлері Қазақстан Республикасының әртүрлі даму институттарына гранттық қаржыландыруға 30-дан астам өтінім берді. Осылайша тек 2014 жылы республикалық конкурстарға қатысуға өтінімдер берілді, олардың ішінде:

1. «Болат фибрасын техногендік қалдықтардан өндіру технологиясы» жобасы - жобаның жетекшісі А.В. Вавилов - «ТДҰА» АҚ-ға технологияларды коммерциялау бойынша гранттық қаржыландыруға өтінім (1-кезең - Тұжырымдаманың негіздемесі).

2. «Сусымалы материалдың қоректендіруші-мөлшерлеуішінің қолданыстағы макетін әзірлеу және дайындау» жобасы - жобаның жетекшісі А.Е. Ерлуанова - «ТДҰА» АҚ-ға технологияларды коммерциялау бойынша гранттық қаржыландыруға өтінім (1-кезең - Тұжырымдаманың негіздемесі).

3. «Кесуші аспаптың тозғыш беттерін нығайтудың инновациялық технологиясы» жобасы жетекші PhD докторы Б.К.Рахадилов - «ТДҰА» АҚ-ға «Инновациялық форсаж» бизнес жоспарларының республикалық конкурсына өтінім.

4. Жеке кәсіпкер Т.Б. Смаиловтан «Гравитон» УАК әмбебап автоматтандырылған кешені» жобасы - ТДҰА» АҚ-ға технологияларды коммерциялау бойынша гранттық қаржыландыруға өтінім (1-кезең - Тұжырымдаманың негіздемесі).

5. «Тау-кен өнеркәсібінің машиналар бөлшектерін плазмалық сыртқы нығайтудың ресурсты үнемдейтін технологиясы» жобасы - жобаның жетекшісі PhD докторы Г.К. Уазырханова. Даму институты - «Технологияларды коммерциялау орталығы» ЖШС. Технологияларды коммерциялау бағдарламасы бойынша гранттық қаржыландыруға өтінім берілген. - Тұжырымдаманың негіздемесі.

6. «Болат фибрасын техногендік қалдықтардан өндіру технологиясы» жобасы - жобаның жетекшісі т.ғ.к. А.В. Вавилов. Даму институты - «Технологияларды коммерциялау орталығы» ЖШС. Технологияларды коммерциялау бағдарламасы бойынша гранттық қаржыландыруға өтінім берілген. - Тұжырымдаманың негіздемесі.

7. «Өнеркәсіп өнімдері мен металлургиялық өндіріс қалдықтарын қайта өңдеудің ресурсын үнемдеудің технологиясын әзірлеу» жобасы - жобаның басшысы т.ғ.к. Е.Ю. Ван. Даму институты - «Технологияларды коммерциялау орталығы» ЖШС. Технологияларды коммерциялау бағдарламасы бойынша гранттық қаржыландыруға өтінім берілген - Тұжырымдаманың негіздемесі.

8. «Интерьерлік жарыққа арналған жоғары тиімділікті жарық диодты жарық аспаптардың сенімділігі мен төзімділігін көтерудің ғылыми-техникалық негіздерін әзірлеу» жобасы - жобаның жетекшісі ф.к.-ғ.м. А.Е. Бакланов. Даму институты - «Технологияларды коммерциялау орталығы» ЖШС. Технологияларды коммерциялау бағдарламасы бойынша гранттық қаржыландыруға өтінім берілген. - Тұжырымдаманың негіздемесі.

9. «Технологиялық қалдықтар негізінде құрылыс материалдардың өнеркәсіп өндірісін құру» жобасы - жобаның жетекшісі т.ғ.к. А.Н. Родин. Даму институты - «Технологияларды коммерциялау орталығы» ЖШС. Технологияларды коммерциялау бағдарламасы бойынша гранттық қаржыландыруға өтінім берілген. - Өнеркәсіптік түптұлғаны құру.

Сондай-ақ университет «Алтай» Шығыс Қазақстан аймақтық технопаркі» ЖШС-мен инновациялар саласында тығыз қарым-қатынас жасайды. Технопарк ғимаратында жалпы ауданы 5000 ш.м. технопарк ғимаратында идеядан бастап және тәжірибелі үлгіні құру мен сынаудан бітіріп, инновациялық өнімнің ұсақ сериялы партияларын шығара отырып, инновациялық үдерістің барлық кезеңдерін қамтамасыз ету үшін қажетті инфрақұрылым құрылған, бұл университетпен жиынтықта ғылым, білім және өндірістің бірігуінің қазіргі түрін құрайды, инновациялық жобаларды, болашағы бар патент қабілетті ғылыми әзірлемелерді орындау үшін барлық жағдайлар жасалған.

Тағы университеттің инновациялық саясаты Қазақстан Республикасының Жылдамдатылған индустриалдық инновациялық даму бағдарламасымен толық сәйкестікте әзірленетінін және іске асырылатынын атап өткім келеді.