Дәулет Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік техникалық университеті

Материалдық-техникалық база

Университет мемлекеттік мүлікке ие шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорын болып табылады.

Университеттің материалды-техникалық базасына 15 негізгі объект кіреді: 10 оқу-зертханалық корпус, аймақтық ғылыми-технологиялық «Алтай» паркінің корпусы, Зырян қашықтықтан оқыту орталығының корпусы, 2 студенттік жатақхана және Бұқтырма су қоймасындағы «Простор» спорттық-сауықтандыру лагері, сондай-ақ бірқатар қосалқы үй-жайлар (шеберханалар, гараждар  және т.с.с.). Университеттің барлық объектілерінің жалпы ауданы 58677,9 кв метрді құрайды, соның ішінде жалпы ауданның 44382,6 кв метрі немесе 86,2%-ы – оқу-зертханалық үй-жайлардың ауданы.

Университетте басқа қаладан келген студенттердің тұруына арналған студенттік жатақханалар бар, жалпы ауданы – 7638 кв м. Жатақханалардың қоныс тығыздығы 100%-ды құрайды. Жатақханалар жаңа жиһазбен толық қамтамасыз етілген. Жатақханаларда жаңа электр пештермен, тоңазытқыштармен, екі мұздатқыш камерамен жарақтандырылған тұрмыстық үй-жайлар, душқа түсетін бөлмелер, телевизорлар қойылған демалу бөлмелері, оқу сабақтарына арналған сыныптар бар.

Университеттің аудиториялық қорына оқу-білім беру үдерісін жүргізуге арналған 311 үй-жайы кіреді, соның ішінде 120 оқу аудиториясы, 19 дәріс оқу аудиториясы, 79 оқу зертханасы, 34 мамандандырылған зертхана, 40 оқу сыныбы, 38 компьютерлік сынып.

Аудиториялар және басқа да оқу-зертханалық үй-жайлар тиісті оқу-зертханалық жиһазбен жарақтандырылған.

Университет 5 спорт және тренажер залдарына ие, жалпы ауданы 1089 кв метр, бұлар стационарлық және спорттық құрал-жарақтармен жабдықталып, оқу сабақтары мен спорттық іс-шараларды өткізуге  пайдаланылады.

Университет жалпы ауданы 1987 кв метр болатын кітапхана қорына ие, соның ішінде түрлі мақсаттарға пайдаланылатын 6 оқу залы бар, жалпы ауданы – 671 кв метр, отыратын орны – 285.

Университетте қоғамдық тамақтануды ұйымдастыруға арналған 8 асхана мен буфеттер бар, жалпы ауданы – 919 кв метр, отыратын орны – 271.

Университеттің бас оқу корпусында медициналық пункт жұмыс істейді, жалпы ауданы – 102 кв метр, оның құрамына 3 кабинет кіреді: терапевтік қабылдау кабинеті, дәрігерлік қабылдауға дейінгі кабинет және процедура өткізу кабинеті.