Дәулет Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік техникалық университеті

Текст с ошибкой:


Комментарий:


Кадрлық әлует/Адами ресурстар

…өзіңді брендке айналдыр…Том Питерс

Университеттегі кадрлық саясаттың негізгі қағидалары:

 

  • ШҚМТУ қызметкері – жоғары оқу орнының бәсекелік артықшылығын қамтамасыз ететін негізгі құндылық және стратегиялық ресурс.
  • ШҚМТУ қызметкері - қазақстандық және халықаралық еңбек нарығында жұмыс беруші ретінде университеттің корпоративтік мәдениетін, ұстанымдылық құндылықтарын, танымалдылығын және тартымдылығын жақтаушы.
  • ШҚМТУ қызметкерлері - жоғары оқу орнының стратегиялық мақсатын қуаттап, оған жету тәсілдеріне қосылатын әлеуметтік серіктестер.

 

Ағымдағы оқу жылында штаттық оқытушылар саны - 427 адам болды.

Штаттық ПО құрамының жалпы санына қатысты ғылыми дәрежесі мен атағы бар штаттық оқытушылар үлесі айтарлықтай тұрақты, және де 2015-2016 оқу жылы – 70%-ды құрайды.

Қазақ тілінде сабақ беретін ПО құрамының үлесі - 53%, магистранттардың көптеген саны оқытушылық қызметке тартылады. 

Университеттің 23 қызметкері Қазақстан Республикасы Ғылым академиясының толық мүшесі және корреспондент мүшесі болып табылады.

Төмендегі көрсеткіштер негізінде біліктілік бойынша іріктеу жүйесі әзірленді: ғылыми дәрежесі мен атағы, жарияланымдық және әдістемелік белсенділігі, ЖОО-да оқытушылық жұмыс өтілі. 

ШҚМТУ-да қызметкерлердің кәсіби жете білушілігін дамыту және біліктілігін жетілдіру бойынша мақсатты жұмыс жүргізілуде. Мысалы, 2015ж. 156 адам өзінің біліктілік деңгейін арттырды. ЖОО-ның бес оқытушысы Қазақстан Республикасының мемлекеттік грантының иегері болып, «ЖОО-ның үздік оқытушысы» атанды.

Қызметкерлерді қайта дайындап оқытуды Жоғары оқу орнынан кейінгі білім және жаңа білім технологиялары институты, қызметкерлермен жұмыс істеу бөлімі жүзеге асырады. Қазақстан Республикасының, таяу және алыс шетелдердің алдыңғы қатарлы білім мекемелері негізінде көптеген сынақ мерзімінен өтулер іске асырылады.

Адами ресурсты дамыту саласындағы көкейтесті спектр:

  • жобалық менеджмент, стратегиялық жоспарлау, көлденең көшбасшылық;
  • заманауи дәріс беру және оқыту философиясы мен методологиясы;
  • тиімді білім технологиялар трансфері, IT-технологиялар;
  • политілді білім беру;
  • кәсіпкерлік, жеке тұлғалық әлуетті дамыту.


«Жобаларды басқару» семинар-тренингі, желтоқсан, 2015 ж.
Станислав Фурта, ф-м.ғ.д.,
Ресей Федерациясының Президенті жанындағы Ресей Халық шаруашылығы және мемлекеттік қызмет Академиясының профессоры

 

«ПО құрамының кәсіби өсуін ынталандыру бағдарламасы» іске асырылуда, бұл бағдарлама Рейтинг нәтижелері негізінде ай сайын қызметақыға қоса берілетін үстемеақыны аладын ала қарастырады. 

ЖОО қызметкерлерінің қанағаттанушылық дәрежесі төмендегідей сауалдамалар негізінде бағаланады: «Оқытушы студенттер көзқарасымен», «Оқытушы әріптестер көзқарасымен», «Университет бітірушілер көзқарасымен». Сондай-ақ жұмыс берушілерден сұрақ-жауап алу және ШҚМТУ-дың сапа менеджменті жүйесінің жұмыс істеу тиімділігін бағалау арқылы да жүргізіледі.

Қызметкерлердің сапалық құрамын жақсарту мақсатында университет заманауи құралдар мен технологияларды пайдаланады:

  • кадрлық скринингті, тәуекел топтарын анықтау және тиімділікті бағалау үшін; 
  • жеке дара KPI және тиімді келісім-шарт форматтары арқылы қызметкердің қызмет тиімділігінің негізгі көрсеткіштерінің контролингісін.

Инженерлік саланың жоғары сыныпты мамандарын тарту үшін жағдай жасалады, бұл университеттің беделін көтереді және ұжым құрамының динамикалық өсуін қамтамасыз етеді, «мансаптық лифт» стратегиясы енгізіледі, бұл қызметкердің кәсіби өсу деңгейін және жеке тұлғалық креативтілігін ескереді.