Дәулет Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік техникалық университеті

Д.Серікбаев атындағы ШҚМТУ арналған стратегиялық даму жоспары

Стратегиялық даму бағдарламасы Қазақстан Республикасының Президенті  Н.Ә. Назарбаевтың 31.01.2017 жылғы «Қазақстанның Үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты Жолдауына және оның 2017 жылғы 12 сәуірдегі «Болашаққа бағдар: қоғамдық сананы жаңғырту» мақаласына, ҚР Білім және ғылым министрлігінің «Экономиканың жаңа моделі үшін жоғары білікті кадрлар даярлау», «Орталық Азияда білім беру хабын дамыту және ғылымды жаңғырту», «Рухани жаңғыру» атты мемлекеттік стратегиялық құжаттары мен жобаларына негізделеді.

Бағдарламада университеттің мақсаткерлігі, көрінісі түзетіліп, стратегиялық мақсаты нақтыланған, 2021 жылға дейінгі өзекті даму көрсеткіштері белгіленген.

Университет қызметінің негізгі бағыттары: ғылыми-инновациялық, академиялық, халықаралық қызмет, тәрбие жұмысы, ресурстарды басқару, корпоративтік басқару.

Бағдарламаға қоса берілген Қосымшаларда алты даму стратегиясы бойынша 2017-2021 жылдарға арналған мақсатты индикаторлар айқындалған, 2017-2018 оқу жылына арналған стратегиялық даму бағдарламасын іске асыру бойынша  іс-шаралар жоспары (жол картасы) ұсынылған.

Стратегиялық даму бағдарламасымен https://www.do.ektu.kz/laws/strat_doc/programma_strategicheskogo_razvitiya_2017-2021.pdf сілтемесі бойыншатанысуға болады.