Дәулет Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік техникалық университеті

Текст с ошибкой:


Комментарий:


Тәрбие жұмысы

Университеттегі тәрбие жұмысын үйлестіруді Тәрбие жұмысы және әлеуметтік даму департаменті жүзеге асырады.

Тәрбие жұмысының негізгі бағыттары:

  • тұлғаны рухани-адамгершілік, эстетикалық, дене тәрбиесі жағынан жетілдіру;
  • патриоттық тәрбие беру, белсенді азаматтық ұстанымды қалыптастыру;
  • салауатты өмір салтын қалыптастыру бойынша ұлттық бағдарламаны іске асыру;
  • студенттік өзін-өзі басқару;
  • құқықтық тәрбие және құқық бұзушылықтың алдын алу.

Д. Серікбаев атындағы ШҚМТУ-дың Жастар ісі жөніндегі комитеті студент жастардың қызығушылығын жан-жақты қолдауды ұйымдастыру, және де жастар саясаты саласында өкілеттікті жүзеге асыру мақсатында құрылған. Жастар ісі жөніндегі комитеттің құрамына – Студенттік өзін-өзі басқару органы және  Студенттік құрылыс жасақтары мен «Жасыл ел» жасақтары кіреді.

Университеттегі Студенттік өзін-өзі басқару органының кеңесі Жастар ісі жөніндегі комитеттің ұйытқысы болып табылады. Студенттік өзін-өзі басқару органының негізгі мақсаттары:

  • ЖОО әкімшілігінің және профессор-оқытушылар құрамының әлеуметтік серіктесі ретінде жоғары мектепті оңтайландыру үдерісіне студенттердің қатысуын күшейту;
  • жастардың алған білімінің сапасына деген жауапкершілік деңгейін арттыру және университеттің әлеуметтік кеңістігінде үйлесімді ынтымақтастықтың өсуіне септігін тигізу;
  • студенттің тұлғалық жағынан өсуіне және әлеуметтік-экономикалық жауапкершілігіне жағдай жасау;
  • бәсекеге қабілетті, талап етілген және жан-жақты дамыған тұлғаны дамыту жағдайын құру.

Студенттік жасақтардың қызметін дамыту студент жастарды қоғамдық пайдалы еңбекке тарту, олардың кәсіби және басқарушылық дағдыларын қалыптастыру арқылы ЖОО-ның жастар тәрбиесіндегі басым сипаттағы бағыты болып табылады. Университет басшылығының ең басты кезден қолға алынған, студенттік құрылыс, еңбек жасақтарының қозғалысына қолдау көрсету іс-тәжірибесі жақсы нәтиже берді: жөндеу-құрылыс жұмыстарының, жоспарлардың негізгі бөлігі студенттер күшімен жүргізілуде, олар біліктілік алу, ақша табу, университеттің дамуына өз үлесін қосу мүмкіндігіне ие болды.

Бүгінде ақпараттық-шығармашылық бөлім – бұл әр түрлі жанрларды және бағыттарды біріктіретін, шығармашылық ұжымдардың және әуесқойлық бірлестіктердің кең ауқымды спектрі, бұлар белсенді шығармашылық ғұмыр кешеді.

Университет жанында 4 хореографиялық ұжым қызмет атқарады: «Экстази» шоу балеті, «Шармель» шоу тобы, «Тарлан» хореографиялық ұжымы, «Ювента» хореографиялық ұжымы. ЖОО-дағы домбырашылар ансамблі 3 жыл бойы шығармашылық қызмет етуде.  Оған университеттің 12 талантты студенті қатысады.

Университеттің студенттік «Арна» теледидары 2010 жылғы 18 қаңтардан бастап жұмыс істейді. Телестудияның шығармашылық ұжымы жаңалықтар блогын, тақырыптамалық репортаждар, сюжеттер, роликтер дайындап, университеттегі іс-шаралардың бейне түсірілімін жасайды.

Тәрбие жұмысы шегінде еліміздің Президенті Н.Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқына жыл сайынғы Жолдауларын, Президенттің мақалаларын, дәрістерін түсіндіру мен насихаттау жүргізіледі.