Дәулет Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік техникалық университеті

Сапа менеджменті жүйесі

ШҚМТУ сапа менеджмент жүйесін ИСО 9001:2008. стандарттарына сәйкес жасаған Қазақстандағы алғашқы ЖОО бірі болып табылады. Сәйкестендіру сертификаты Британдық компания NQA GLOBAL ASSURANGE № 20688 21 наурыз 2006ж. берілген. Халықаралық «SGS» (Швейцария) компаниясының 2016 жылы өткізген кезекті қадағалау аудитінің нәтижесінде сертификаттың қолданылуы 2018 жылға дейін ұзартылды.

СМЖ ШҚМТУ бойынша келесі аумақта қолданылады:

  • жоғарғы және кәсіптік білім саласында білім беру қызметтерін жасау және көрсету 
  • ғылыми зерттеулер жүргізу, ғылыми - өндірістік саланы дамыту 
  • кәсіптік даму бағдарламасын жүзеге асыру. 
  • Университетте СМЖ бойынша үрдістер моделі жасалып, онда Д.Серикбаев атындағы ШҚМТУ СМЖ қатысты үрдістер анықталып, жіктелген және идентификацияланған.

СМЖ дамыту моделі бірнеше арнайы инструменттерден тұрады:

  • Білім беру үрдісін ұдайы бақылау 
  • Қорытынды бағаны бақылау және студенттердің білімін бақылау 
  • Білім беру үрдісі бойынша ақпараттарды автоматты түрде жинақтау және өңдеу жүйесі, S-PORTAL электронды түрде көрсету.
  • ПО құрамын және университет қызметкерлерін сапалы еңбек етуге бағыттау (ПО құрамы және қызметкерлер рейтингі)
  • ПО құрамын және қызметкерлерін университеттегі үрдістерді жақсы көрсеткіштерге ауыстыру үшін «Кайдзен» стратегиясы қолданылады.(үздіксіз жақсарту стратегиясы) 
  • Ішкі және сыртқы тұтынушылардын қанағаттанушылығына талдау жасау 
  • Жөндеулер енгізу және ескерту әрекеттері бойынша рәсімдерді тиімді қолдану 
  • Ішкі аудиттерді жүргізу.

Университетте СМЖ бойынша сапа аймағында даму стратегиясын және саясатын анықтайтын Үйлестіру кеңесі жұмыс жасайды, үрдістерді басқаруды тиімді бақылайды. СМЖ бойынша Үйлестіру кеңесі «ШҚМТУ СМЖ бойынша Үйлестіру кеңесі туралы ереже» негізінде жұмыс атқарады. СМЖ бойынша Үйлестіру кеңесін сапаға жауапты басшылық өкілі басқарады. 

Және де СМЖ қызметін қолдау бөлімі «Стратегиялық жоспарлау, дамыту және сапа басқармасы» құрылған. Факультеттер, кафедра және бөлімдерде сапа бойынша жауапты адамдар тағайындалған, олар айтылмыш бөлімнің сапа бойынша қызметіне басшылық етеді. 

СМЖ бойынша құжаттамаға Сапа бойынша басшылық, сапа аймағындағы саясат және мақсаттар, Құжаттарды рәсімдеу (27), Нұсқаулықтар (6), Ережелер (22), Үлгілер (12) кіреді. Көрсетілген құжаттар білім беру порталының барлық пайдаланушыларына қолжетімді. Университетте электрондық құжаттар айналымын қамтамасыз ететін «Directum» жүйесі жұмыс жасайды, жүйенің тұрақты жұмыс жасауы нәтижесінде жалпы құжаттар айналымы жақсарып, тиімділігі артты. 

Тұтынушыға бейімделу ұстанымы бойынша, университетте көрсетілетін қызметтерге трұтынушылардың қанағаттануын бағалау жүйесі жұмыс жасайды: 

  • университеттің өздік аттестациялау нәтижесінің талдауы; 
  • университет басшылығы-студенттермен және қызметкерлемен жоспарлы түрде, факультеттер мен группалардың жалпы жиналыстарында кездесулер өткізуі; 
  • абитуриенттер, студенттер, түлектер, оқытушылар және жұмыс берушілер арасында сауалнама жүргізу; 
  • ережелерді талдау және ұйымдардың түлектер бойынша жазбаша пікіріне талдау жасау; 
  • әдістемелік өнімнің шығарылуын талдау; 
  • тапсырыс берушілердің жазбаша пікірі, ғылыми баспаның саны мен деңгейі, қабылдау-тапсыру актісі және ғылыми форумдардың өткізілуіне байланысты ғылыми өнімнің шығарылуына талдау жасау.

Университет деңгейінде жылсайын сауалнаманың бірнеше түрі жүргізіледі:

«Университет түлектер көзімен », «Оқытушы әріптестер көзімен», «Оқытушы студенттер көзімен», «Бірінші курс сауалнамасы», «СМЖ бағасы», «Жұмыс берушіге сауалнама», «Еңбек ету жағдайына қанағаттылық». Сауалнама нәтижелері талданып, коллегиялық органдардың отырысында айтылады, және де қажет болған жағдайда дұрыстау және ескерту жұмыстары жүргізіледі. Сауалнама материалдары университет сайтында орналастырылады. 

Рәсімдер деңгейінде университетте ұйымдастырылған әртүрлі оқыту семинарларын тыңдаушыларға - сауалнамалар жүргізіледі, және де оқу пәндерінің сапалы оқытылуын бақылау мақсатында студенттерге сауалнама жүргізіледі («Пәнмен кері байланыс сауалнамасы »). 

Тұрақты жақсару және қызметкерлерді тарту ұстанымы бойынша университетте ШҚМТУ 806 «КАЙДЗЕН Стратегиясы» құжаты бекітілген, ол өз мақсатында барлық қызметкерлерді барлық салалардың жұмысын жақсартуға қатысуға белсенді болуды міндеттейді. Осы құжат-идеяларды ұсынуды және қарастыруды, рәсімдеуді, қызметкерлерді идеясы мен идеяны жүзеге асырғаны үшін марапаттауды жүзеге асырады. 

Сонымен қатар тұрақты жақсару үрдісін жүзеге асыру аясында «Ішкі және сыртқы бенчмаркинг» құжаты рәсімделген. 

Осылайша, ШҚМТУ сертификатталған СМЖ болуы- тұтынушылардың көзімен қарағанда білім беру үрдісінің сапасына кепіл болады. Нәтижелі және тиімді СМЖ - университеттің бәскеге қабілеттілігін арттырады, нәтижесінде оның қаржылық жағдайының тұрақты және табысының жоғары болуын қаматамасыз етеді.