Дәулет Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік техникалық университеті

Текст с ошибкой:


Комментарий:


Энергетика және техникалық физика

Физика кафедрасы 1961 жылғы 1 қыркүйекте құрылды.2005-2006 оқу жылы «Техникалық физика» жаңа мамандығының ашылуына байланысты кафедра «Техникалық физика» кафедрасы болып қайта құрылды (лицензиясы АА № 0000018, берілген күні 2002 жылғы 1 сәуір). 2001 жылдан бастап кафедрада 6М060400 – «Физика» мамандығы бойынша магистратура, 2008 жылдан бастап – 6М072300  «Техникалық физика» мамандығы бойынша магистратура жұмыс істейді. 6D072300 Техникалық физиканың мамандығының PhD докторантарын дайындау бойынша бiлiм беретiн бағдарламаның iске асуы үшiн, Д.Серікбаев атындағы ШҚМТУ-дың табысты ғылыми - педагогикалық қызметі және ғылыми кең байланыстары арқасында иновациялық үлгі ретінде«Технопарк-Университеті» Докторантура Ph.D. № 0000018 лицензиясын алды. Кафедраның физика пәні бойынша қызмет көрсететін мамандықтарының жалпы саны – 64. Жыл сайын кафедра арқылы түрлі (күндізгі, сырттай) оқу нысандары бойынша оқитын 3000-нан артық студент өтеді.

Өнеркәсіптік энергетика кафедрасы 2003 жылы «Электротехника, автоматика және аспап жасау» кафедрасының бөлінуіне байланысты 210440 «Электрожабдықтау» (салалары бойынша), 220440 - «Өнеркәсіптік энергетика» мамандықтары бойынша шығарушы кафедра ретінде «Өнеркәсіптік энергетика» кафедрасы құрылды.

2004 жылдан бастап – 050717 – «Жылу энергетикасы», 050718 - «Электр энергетика» бакалавр мамандықтары ашылды.

2008 жылы 6N0717 «Жылу энергетика» және 6N0718 «Электроэнергетика» екі мамандықтан магистратура ашылды. 2010 жылдан бастап мамандықтардың шифры келесідей өзгерді 5В071700 – «Жылу энергетикасы» (бакалав), 6М071700 – «Жылу энергетикасы» (магистратура), 5В071800 - «Электр энергетика» (бакалавр), 6М071800 – «Электр энергетика» (магистратура). 

Энергетика және техникалық физика  кафедрасында профессор-оқытушылар құрамының жалпы саны – 30 оқытушы. Барлығының базалық білімі бар. Ғылыми дәрежелері мен атақтары бар оқытушылар саны 53%-ды құрайды. Кафедрада 3 физика-математика ғылымдарының докторы, 4 доктор Ph.D және 11 ғылым кандидаты жұмыс істейді. Штаттық құрамының – 3-уі профессор, 4-уі доктор Ph.D, 9-ы доцент, 11-ы аға оқытушы, 3-уі оқытушы.