Дәулет Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік техникалық университеті

Текст с ошибкой:


Комментарий:


Қаржы, есеп және салық салу

Қазақстан Республикасында алғаш рет «Өндірісті ұйымдастыру және менеджмент» мамандығы ашылды, онда қысқартылған оқу түрі бойынша (3 жыл) орта кәсіптік білім негізінде мамандар дайындау жүргізілді.

1992. Кафедра «Менеджмент, маркетинг және аудит» кафедрасы болып атауы өзгертілді.

1996. 0713 «Өнеркәсіптік кәсіпорындарындағы экономика және менеджмент» мамандығы бойынша алғашқы талапкерлер қабылданды. Жаңа мамандықтар ашылды: 0706 – «Қаржы және несие»; 0801 – «Кеден ісі».

1997. «Аудит» оқу-ғылыми-өндірістік зертханасы ұйымдастырылды (ғылыми жетекшісі – профессор С.Ж.Адрышева), онда өндірістік және коммерциялық кәсіпорындар үшін экономист-бухгалтерлер дайындығы жүргізілуде.

Кафедра жанында «Шығыс Қазақстанның еңбек нарығы проблемаларын зерттеу орталығы» ғылыми-зерттеу зертханасы ашылды. Зертхана еңбек нарығын талдау және кадрлар қажеттілігін болжау әдістемелерін әзірлеумен айналысады.

1998. Кафедра жанында 0713 «Кәсіпорындардағы экономика және менеджмент» мамандығы бойынша магистратура ашылды. 520850 – «Экономика» бағыты бойынша магистратура ашылды. Алғашқы 4 магистрге дипломдар берілді.

2000. Жетекші оқытушылар Прагма Корпорациясының (USAID) – Орталық Азияда шағын және орта бизнесті дамыту бойынша Қазақстандағы жоба өкілінің грантына қатысады. Аталған жоба шегінде кафедра оқытушылары О.В.Куур, В.Н.Даниленко, С.Ж.Адрышева, Г.В.Вершинина «Қаржы есептемесін талдау», «Маркетинг», «Қаржы есебі», «Басқарушылық есеп» атты оқу семинарларын өткізу құқығын беретін сертификаттар алды.

2001-2002. ШҚО шағын және орта бизнесінің жетекшілері мен мамандарына арналған бағдарламалар бойынша: маркетинг, қаржы есептемесін талдау, қаржылық есепке алу, басқарушылық есепке алу семинарлар циклі өткізілді.

Ресурстық экономикалық және бизнес-білім Желісі өткізетін «Шақырылған профессор» бағдарламасы шегінде кафедрада VIP-профессор Л.Констанц (Бишкек қ.) және И.Леонтьева (Алматы қ.) жұмыс істеді. Олар экономика және менеджмент факультетінің және облыстың басқа да жоғары оқу орындарының кафедра оқытушыларының біліктілігін жетілдіру курстарын өткізді: «Микроэкономика», «Басқарушылық экономика», «Белсенді оқу әдістерін қолдану», «Жоба-өтінімдер құру», «Білім беру үдерісіндегі жаңа технологиялар».

2003. Маусым айында «Менеджмент, маркетинг және аудит» кафедрасы «Қаржы және несие» кафедрасы болып қайта аталды, ал қыркүйек айында университет бойынша шыққан 03.09.03ж. №411-п бұйрығымен екі құрылымдық бөлімшеге бөлінді: «Қаржы және несие» мен «Менеджмент және маркетинг» кафедралары.

2003 жылғы қыркүйек айында 522450 – «Есеп және аудит» бағыты бойынша магистратура ашылды. 2003 жылдан бастап кафедра 522530 – «Қаржы» және 522430 – «Есеп және аудит» бағыттары бойынша бакалаврлар дайындауға кірісті. «Инвест-Аудит» ЖШС-де және «Айтас-Сауда» ЖШС-де «Қаржы және несие» кафедрасының филиалдары ұйымдастырылды.

2004. «Жәрдем» МҚК-да «Қаржы және несие» кафедрасының филиалы ұйымдастырылды.

2005. Кафедра «Инновациялық-белсенді кафедра моделінің жобасын әзірлеу» конкурсына қатысып, құрметті 2-ші орынға ие болды.

Кафедраның аға оқытушысы Н.Н.Климова экономика ғылымдарының кандидаты ғылыми дәрежесін ізденіп, 00.08.10 – «Қаржы, ақша айналымы және несие» мамандығы бойынша диссертация қорғады.

2006. Ақпан айында «Қаржы және несие» кафедрасы «Қаржы, есеп және салықсалу» кафедрасы болып қайта аталды. «Алтай» АҒТП жанында «АудитИнвест» оқу-ғылыми-өндірістік зертханасы құрылды.

Университеттің ИСО 9001:2000 халықаралық стандарттың талаптарына сәйкестілігі бойынша сапа менеджменті жүйесінің сертификациясынан табысты өтуіне байланысты кафедрада 2006-2007 оқу жылына арналған сапа аясындағы мақсаттары нақтыланып, іске асырылуда.

2007. Ағымдағы оқу жылында кафедра оқытушыларының көбі «Интернет желісінде оқу» бойынша біліктілік жетілдіру курстарын өтті, бұл Вроцлав университетінде (Польша) және XI ANBP – AI Internftional School ҚХР (Қытай) колледжінде оқитын студенттерінің қашықтықтан оқу технологиясын анықтауға мүмкіндік береді.

2007 жылдың аяғында кафедра «ШҚО индустриялық-инновациялық дамуының қаржы-экономикалық аспектілері» атты бастамалық мембюджеттік ғылыми-зерттеу жұмысын аяқтады. Қорытынды есеп ҚР ҒТИ ҒО тапсырылды, бұл жөнінде 15.12.07ж. № 0106РК00206 тіркелім бар.

2008. Университет үшін мерейтойлық жыл кафедраның профессор-оқытушылар құрамының кәсіптік деңгейінің елеулі түрде өсуімен ерекшеленеді, кафедраның аға оқытушысы Е.В.Варавин экономика ғылымдарының кандидаты ғылыми дәрежесін ізденіп, 00.08.10 – «Қаржы, ақша айналымы және несие» мамандығы бойынша диссертация қорғады, кафедра меңгерушісі О.В.Куурға ШҚМТУ профессоры – ғылыми атағы, ал аға оқытушы Н.Н.Климоваға ШҚМТУ доценті ғылыми атағы берілді. Аға оқытушы Э.С.Мәдиярова университеттің ең үздік оқытушысы болды.

2009. Кафедраның 2 оқытушысы: Есжанова Ж. Ж. мен Джемпеисова Г. И. 08.00.05 – Экономика және халық шаруашылығын басқару мамандығы бойынша кандидаттық диссертация қорғады.

Сондай-ақ, Кемерово мемлекеттік университетімен, Синьцзян мемлекеттік педагогикалық университетімен, Мәскеу еңбек және әлеуметтік қорғау академиясымен және Халықаралық экономика академиясымен (Берлин қ.) іскерлік қатынастар жөнге келтірілді.

Бірлестік нәтижесінде Мәскеу еңбек және әлеуметтік қорғау академиясының профессоры, э.ғ.д. , экономика және менеджмент каф. меңгерушісі Н.Ю Псарева жыл сайын экономиканың өзекті мәселелері бойынша ПОҚ үшін семинарлар өткізеді.

2010. 2010 жылы кафедра оқытушылары Козлова М. В. мен Суйеубаева С.Н. 08.00.05 – Экономика және халық шаруашылығын басқару мамандығы бойынша, ал Мадиярова Э.С. 08.00.04 – Аймақтық экономика мамандығы бойынша, Абдыкерова Г. Ж 05.25.05- Ақпараттық жүйелер, үрдістер және информатиканың құқықтық аспектілері мамандығы бойынша. кандидаттық диссертацияларды табысты қорғады.Солайша, кафедра дәрежеленушілігі 53% құрады, бұл көрсеткіш университетте жоғары көрсеткіштердің бірі болып саналады.

Кафедра студенттері Республикалық пән олимпиадаларына қатысып, «Қаржы» мамандығы бойынша 2 орын, «Есеп және аудит» мамандығы бойынша 3 орын иемденді.

2010-2011 жж. «Қаржы» мен «Есеп және аудит» мамандықтары бойынша кафедра мемлекеттік аттестация сынағынан табысты өтті.

Аға оқытушылар О.И Григорьеваға., Э.С.Мадияроваға, Г.И.Джемпеисоваға ШҚМТУ доценті атағы берілді.

2012-2013 жылдар аралығында кафедра меңгерушісі Куур О.В., кафедра доценттері Судаков В.А., Нетесова В.Ю. Халықаралық Информатизациялау Академиясының академик-мүшелері болды; кафедра доценттері Варавин Е.В., Мадиярова Э.С., Джемпеисова Г.И. Халықаралық Информатизациялау Академиясының тілшілері болып аталды.

Кафедра меңгерушісі Куур О.В. 2013 жылдың мамыр айында «Ғылыми-педагогикалық кадрларды аттестациялаудың халықаралық жүйелері» атты Ресей Жаратылыстану Академиясы өткізген халықаралық конференциясына қатысып, Ресей Жаратылыстану Академиясының Президиумы шешімімен оған Мәртебелі ғылымдар докторы атағы тағайындалды.

2013 жылдың қыркүйек айынан бастап кафедраның аға оқытушылары Абдыкерова Г.Ж., Козлова М.В., Суйеубаева С.Н. кафедра доценті лауазымына аударылды.

2013 жылы кафедра меңгерушісі ШҚМТУ-дың  55 жылдығына арналған мерейтойлық медалімен және Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігінің алғыс хатымен марапатталды.

2013-2014 оқу жылында кафедра білім берудегі сапаны қамтамасыз ету бойынша қазақстандық Ұлттық агенттігі мамандандырылған аккредитациясын  (5 жыл мерзімдік) 5В050900 «Қаржы» мамандығы бойынша ойдағыдай өтті.

2014 жылы РАЕ Президиумының  шешімімен кафедра меңгерушісі Куур О.В.  «Ғылым және білімге еңбегі сіңген  қызметкер» құрметті атағы табыс етілді.

2014 жылы доцент Мадиярова Э.С Қазақстан Республикасының  «Білім және ғылым министрлігі» дипломымен, белгілі марапаттармен, студенттердің үштен кем емес ғылыми жұмысына жетекшілік етуімен ғылыми жетекші ретінде марапатталды.

2014-2015 оқу жылдарында білім берудегі сапаны қамтамасыз ету бойынша Қазақстандық Ұлттық Агенттігіне бірінші постаккредитациялық есеп берілді.  

2015 Кафедра мамандықтар бойынша мемлекеттік аттестаттауды сәтті өтті. Кафедра меңгерушісі Э.С. Мадиярова «ЖОО-ның  үздік оқытушысы»  атағына не болды

2016 Э.С  Мадияроваға қауымдастырылған профессор (доцент) оқулауазымы тағайындалды. Кафедра студенттері «Қаржы» мамандығы бойынша Республикалық пәнді олимпиадада 3 орынға не болып, марапатталды.