Дәулет Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік техникалық университеті

Текст с ошибкой:


Комментарий:


Халықаралық ынтымақтастық

Халықаралық ынтымақтастық саласындағы факультет жұмысының негізгі бағыттары болып табылады:

  • Шетелдерге оқуға және тағылымда өтуге жіберу үшін, халықаралық байқаулар мен бағдарламаларға қатысуға факультет студенттері, қызметкерлері мен ПОҚ ішінен талантты және даярланған кандидаттарды іріктеп алу; 
  • Ғылыми-зерттеу жобаларын дайындау, білім беру бағдарламаларын, біліктілікті жоғарылату бағдарламаларын іске асыру мақсатында шетелдік серіктестерді іздеу;
  • ШҚМТУ серіктес-оқу орындарының ерекшеліктерін ескере отырып, әмбебап халықаралық білім беру жүйесін енгізу; 
  • Шетел азаматтары үшін олардың Қазақстан Республикасы аумағында оқу, жұмыс істеу және ғылыми зерттеу жүргізу мерзімінде білім, экономикалық, тұрмыстық жағдайларын қанағаттандыруға әрекеттесу. 

pic1 pic2 pic3

Факультет танымал шетел оқу орындарымен және ғылыми орталықтармен білім және ғылым саласындағы халықаралық байланыстарға ие. Ресей Федерациясы, Украина, Польша оқу орындарымен ынтымақтастық туралы келісімщарттар жасалған; АҚШ, ОАР, ҚХР, Италия және Ресей елдерінің білім беру ұйымдарының қатысуымен PhD докторантура мен магистратура курстары бойынша дайындық жүргізілуде. 

Факультетте Еуроодақпен қаржыландырылатын Темпус бағдарламасы шектерінде 4 жоба іске асырылады:

  • ISMU 516682-TEMPUS-1-2011-1-ES-TEMPUS-JPGR «Университеттерді стратегиялық басқару бойынша институт» (Institute for Strategic Management of Universities);
  • 530183-QUADRICA «ОА біліктілік шектері: болон үдерісінің қағидалары және аймақтық координация»;
  • 530326-QUEECA «Орталық Азиядағы инженерлік білім сапасы»;
  • 543808-PICTET «Ресей Федерациясы және Қазақстанда біліктіліктердің еуропалық шектеріне негізделген кәсіби ИКТ-білім беру».

pic4 pic5 pic6

2011 жылдан бастап ҚР БҒМ «Қазақстанның жетекші университеттеріне шетелдік ғалымдарды, кеңесшілерді тарту» бағдарламасы сәтті іске асуда. Бұл бағдарлама шектерінде факультетке Оңтүстік Кореядан, Канададан, Германиядан, Ресейден, Украина мен Польшадан ғалымдар келген болатын; олар магистранттар мен студенттер үшін сабақтар, факультет және университет ПОҚ үшін семинарлар мен мастер-кластар жүргізді; PhD докторанттары үшін ғылыми жетекшілер болды. Шақырылған шетелдік ғалымдармен бірлескен авторлықта оқу және әдістемелік құралдар мен мақалалар басып шығарылды. 

Факультеттің профессорлық-оқытушылық құрамы ғылыми және әдістемелік біліктілігін түрлі шетелдік ғылыми-педагогикалық ұйымдарда жоғарылатады, халықаралық конференцияларға, олимпиадалар мен тағылымдамаларға қатысады.

pic7 pic8 pic9

Факультет магистранттары жыл сайын Ресей, Польша, Оңтүстік Корея, АҚШ және Германия елдерінің университеттерінде қысқа мерзімді тағылымдалардан өтеді, онда оларға өз салаларының заманауи техникалық құралдарымен және технологияларымен танысуға, сәйкес мамандық бойынша дәрістік және тәжірибелік сабақтарға қатысуға және көрікті жерлерді көріп шығуға мүмкіндік беріледі. 

Академиялық мобильділік бағдарламасы бойынша факультет студенттері мен магистранттары семестр бойы Экономика Университетінде (Катовице қ., Польша), Вроцлав университетінде (Польша), Люблин техникалық университетінде (Польша), Прага техникалық университетінде (Чехия), Новосібір мемлекеттік университетінде (Ресей) оқыды, факультет бітірушілері Болашақ бағдарламасы бойынша АҚШ-та магистратура курстарынан өтеді.