Дәулет Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік техникалық университеті

Ғылыми-зерттеу жұмысы

Ғылыми-инновациялық, мемлекеттік бюджеттік және шаруашылық келісімді тақырыптарды іске асыру

Ақпараттық технологиялар және бизнес факультетінің ПОҚ жыл сайын ғылыми зерттеулер орындауға гранттар ұсынылатын ғылыми жобалар іріктемесі бойынша байқауларға қатысады. Қазіргі уақытта факультетте 2015-2017 жылдарға ҚР БҒМ ғылыми зерттеулерді гранттық қаржыландыру шектерінде 12 ғылыми жоба орындалуда. Жобалар экономика, ғылым, техника және технологиялар дамуының заманауи беталысын көрсетеді. 

Маңызды нәтижелерге қол жеткізілген ғылыми бағыттар ішінен:

  • IT- технологиялар;
  • жаңғыртылмалы энергетика технологиялары және энергия үнемдеуші технологиялар;
  • экономика және білім саласындағы қолданбалы ғылыми зерттеулер;
  • аспап жасау, автоматтандыру және басқару;
  • техникалық, экономикалық және экологиялық үдерістер мен жүйелерді математикалық және компьютерлік үлгілеу;
  • нанотехнологиялар, материалтану, математика салаларындағы негізді зерттеулер.

Тақырыптармен жұмыс АТЖБФ ғылыми зертханаларында жүргізіледі:

  • «Нанотехнологиялар және жаңа материалдар» ҒЗИ;
  • «Руханият» ҒТО;
  • «Инновацияларды және ресурстарды үнемдеуді басқару» ҒЗӨЗ;
  • «Қолданбалы әлеуметтік лингвистика және тілдерді қарқынды оқыту» ҒЗЗ;
  • «Жобаларды және инновациялық технологияларды коммерциялық бағалау» ҒЗЗ;
  • «Энергоресурстарды үнемдеуші технологиялар» ҒЗЗ;

«Математикалық және ақпараттық технологиялар» бағыты бойынша үдерістер мен жүйелерді үлгілеудің кафедрааралық зертханасы, сондай-ақ, «Аспап жасау және технологиялық үдерістерді автоматтандыру» және «Энергетика және техникалық физика» кафедраларының оқу зертханалары негізінде:

  • «Радиотехника және электроника»;
  • «Телекоммуникация жүйелерін автоматтандыру»;
  • «Аналогты және сандық схемотехника»;
  • «Технологиялық үдерістерді автоматтандыру»;
  • «MitsubishiElectric фирмасы реттегіштерін бағдарламалау»;
  • «Электрэнергетикасы»;
  • «Электрлік машиналар»;
  • «Релелік қорғаныс және автоматика»;
  • «Электрэнергетика және жылу энергетикасының ақпараттық-өлшем құралдары»;
  • «Жарық техникасы»;
  • «Жоғары вольтты сынақтар»;
  • «Жылумассамен алмасу және жылумасса алмасушылық үдерістер және қондырғылар».

АТЖБФ оқытушылары, сондай-ақ, «Болашақ энергетикасы» ғылыми инновациялық орталық» және «Іргетас» зертханаларындағы зерттеулерге негізделетін жобаларға қатысады.

 

nirpic1 nirpic2 nirpic3

Кәсіпорындар, ұйымдар және фирмалармен ынтымақтастық

Факультет қала кәсіпорындарымен келесі бағыттар бойынша қызметтеседі:

  • дипломалды тәжірибелерін өткізу;
  • өндірістік тәжірибелерді өткізу;
  • кәсіпорындар тапсырыстары бойынша дипломдық жобаларды жазу;
  • консалтингтік қызметтерді көрсету;
  • кәсіпорындар мен ұйымдар үшін үйретуші семинарларды өткізу;
  • бірлескен ғылыми зерттеулердің перспективті бағыттарын анықтау.

АТЖБФ барлық шығарушы кафедраларының кәсіпорындардағы филиалдары және ынтымақтастық туралы келісімшарттары бар.

 

Оқытушылардың ғылыми-зерттеу қызметі

Факультет оқытушыларының ғылыми-зерттеу қызметі Қазақстан және шетел: Болгария, Испания, Германия, Ұлыбритания, Польша, Венгрия, Ресей, Түркия, Италия, австрия, Қырғызстан, Чехия және т.б. аумағындағы конференцияларға, семинарларға, біліктілікті жоғарылату курстарына қатысуға қорытылады.

Қызметкерлер әрдайым ғылыми зерттеулер нәтижелерінн халықаралық конференциялар жинақтарында, ҚР БҒМ БҒСБК ұсынылған ғылыми журналдарда, сондай-ақ, нөлдік импакт-факторлы басылымдарда жариялайды.

2015 жылдың 21-23 мамырында АТЖБФ оқытушылары, ШҚМТУ өткізілетін, «Ресурстарды тиімді пайдалану және қоршаған ортаны қорғау - тау-металлургиялық кешен дамуының негізгі мәселелері» ІХ Халықаралық конференциясын және «Материалтану және наноматериалдар үшін перспективті технологиялар, құрылғылар және аналитикалық жүйелер» ХІІ Халықаралық ғылыми конференциясын ұйымдастыруға және өткізуге белсенді ат салысты.

 

nirpic4nirpic5

Студенттердің ғылыми-зерттеу жұмысы

 

Студенттердің ғылыми-зерттеу жұмысы (СҒЗЖ) оқу үдерісін жалғастыру және тереңдету ретінде қарастырылады және жас мамандардың даярлық деңгейін жоғарылату құралы ретінде қарастырылады.

Факультет студенттерінің ғылыми-зерттеу жұмысы келесі бағыттар бойынша жүргізіледі: 

  • студенттік үйірмелер жұмысын ұйымдастыру 
  • курстық және дипломдық жұмыстар байқауларын ұйымдастыру, жүргізу және қатысу;
  • республикалық студенттік жұмыстар байқауларына студенттердің қатысуы; 
  • республикалық және халықаралық байқаулар мен олимпиадаларға қатысу;
  • кафедра студенттерімен «Алтай» АҒТП тапсырысы бойынша дипломдық жұмыстарды орындауы;
  • түрлі деңгейдегі ҒТК баяндамаларды дайындау және қатысу;
  • мемлекеттік бюджеттік және шаруашылық келісімді ҒЗЖ бойынша жұмысқа орындаушылар ретінде студенттер мен магистранттарды тарту;
  • ғылыми мақалалар мен тезистерді дайындау;

Факультет студенттері мен магистранттары Республикалық студенттік пәндік олимпиадалар және интернет-чемпионаттардың, Үздік ғылыми-зерттеу жұмысы ҚР БҒМ республикалық байқауының, ШҚМТУ «Инновациялық идея» жыл сайынғы байқауының тұрақты жүлдегерлері мен жеңімпаздары болып табылады.