Дәулет Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік техникалық университеті

Тәрбиелік жұмыс

Тәрбие жұмысының мақсаты білім алушылардың таңдалған даярлық бағыты (мамандығы) бойынша кәсіби қасиеттерін, азаматтық және өмірлік ұстанымдарын, заманауи өркениет жағдайында өмір сүру және еңбек ету қабілеттерін қалыптастыру, сондай-ақ оларда инициативтілік және шығарашылық қасиеттерін дамыту болып табылады. 

Тәрбие жұмысы оқу-ұйымдастырушылық және тәрбие саласының дамып келе жатқан бағыттарына сай келетін түрлі қызмет нысандарын (кураторлық сағаттар, дөңгелек үстелдер, диспуттар, мейрам кештері, әңгімелесулер, кездесулер, байқаулар, №3 жатақханадағы «Кафедра күндері») қолдана отырып, жүйелі түрде жүргізіледі.

 

Ақпараттық технологиялар және бизнес факультетіндегі тәрбие жұмысы келесі бағыттар бойынша жүргізіледі:

  • Патриоттық тәрбиелеу. Студенттерде патриоттық, өз факультетіне, университетіне, таңдаған мамандығына деген құрмет пен махаббат сезімдерін тәрбиелеу. Азаматтылықты, ұлттық сана-сезімді қалыптастыру; 
  • Құқықтық тәрбиелеу және құқық бұзушылықтардың алдын алу. Студенттерде оқу орны интерьерінің, құрылғылары мен дүние-мүлкінің сақталуы үшін жауапкершілікті, заңдылық пен құқықтық тәртіпке, ішкі еркіндік пен өзіндік абыройды құрметтеуді тәрбиелеу;
  • Адамгершілік-эстетикалық тәрбиелеу. Студенттер мінез-құлқының мәдениеті мен этикасын жоғарылату. Студенттердің бос уақыты мен демалысын ұйымдастыруға, олардың қызығушылықтары мен қабілеттерін дамытуға белсенді ат салысу;
  • Кәсіптік тәрбиелеу.
  • Еңбекке баулу. Еңбекке деген қажеттілікті ең маңызды өмірлік құндылық ретінде тәрбиелеу;
  • Спорт-массалық және сауықтыру жұмысы. Студенттерде салауатты өмір салтына деген ұмтылысты қалыптастыру.

foto1 foto4 foto7

 

Факультет оқушылары облыстық, қалалық, жалпы университеттік, факультеттік, факультетаралық және кафедралық деңгейдегі іс-шараларға белсенді қатысады.

Жыл сайын студенттер келесідей шығармашылық байқауларда және жарыстарда жүлделі орындарды алады:

  • «Бірінші курс таланттары» байқау-жарысы;
  • «Мисс ШҚМТУ» және «Мистер ШҚМТУ» байқаулары;
  • «Студенттік көктем» байқау-жарысы, «Студенттік көктем» қалалық және облыстық фестивальдары;
  • КТК қалалық және облыстық лигалары;
  • «Мен жастарға сенемін!» республикалық фестивалі.

foto3 foto2 foto6 foto5

Ақпараттық технологиялар және бизнес факультетінің студенттері мен оқытушылары түрлі спорт түрлері бойынша университет жарыстарының тұрақты қатысушылары және жеңімпаздары болып табылады (ректор кубогы үшін, Спартакиада, «Шаңғы»).