Дәулет Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік техникалық университеті

Текст с ошибкой:


Комментарий:


Жоғары математика

1958 жылы ҚазКСР Үкіметінің Қаулысына сәйкес Өскемен құрылыс-жол институты құрылды, онда жалпы білім беру пәндері кафедрасы ұйымдастырылған болатын, оған "Жоғары математика" пәні кірді. Соңынан дербес жоғары математика кафедрасы ұйымдастырылды, оның меңгерушісі болып оқытушы В.С.Лысенко тағайындалды. 1986 жылы кафедра негізінде "Қолданбалы математика және есептеуіш техника" кафедрасы ұйымдастырылған болатын.

Қазіргі кезде кафедрада профессор С.Д.Тыныбекова, ғылымдарының кандидаттары, доценттер, А.Л. Измайлов, А.А.Қырықпаева, Ю.В.Чи-Дун-Чи, И.В.Латкин,  Ж.Т.Рахметуллина, Р.У.Мұқашева, аға оқытушылар В.Н.Сидоренко, Р.О.Мұхамедова, И.П.Дронсейка, Д.Р.Байгереев, оқытушылар А.А.Конырханова, Д.О.Омариева, Ж.Ә.Әскербекова жұмыс істейді.

Кафедраны доцент, ф.м. ғылымдарының кандидаты Ж.Т.Рахметуллина басқарады.

Әртүрлі жылдарда кафедрада оқытушылар: В.П.Арефьев, Н.А.Байгазова, П.Б.Бейсебай,  В.В.Белослюдова , О.А.Береговая, Р.М.Бирбраер, Р.Г.Брагина, И.И.Бухрякова, А.Н.Валяев, В.А.Гуменный, Е.Л.Дубовой, В.К.Епифанов, Ж.Т.Жаксыгунова, Т.Г.Жантасов, Т.А.Заболоцкая., Г.А.Зайцева, О.А.Зубчинский, К.К.Лукьянова, И.А.Лямшева, Л.А.Мактаева, Г.Т.Мұсатаева, Ғ.Х.Мұхамедиев, Ю.Ю.Некрасов, Р.О.Нұрканова, А.Ю.Свиридова, В.А.Сентяков, В.А.Струц, И.Д.Тарасов, Л.П.Тарасова, М.А.Тұрганбаев, Д.М.Тұрғанбаева, С.И.Ческидова, В.Э Фрелих еңбектенді және кафедраны басқарды: С.А.Пандул, Е.П.Ефремов, В.С.Чернявский, М.К.Кітапбаев, В.П.Лисьев, П.А.Ческидов, Н.Ғ.Хисамиев, С.Д.Тыныбекова.

Н.Ғ.Хисамиев жаңа ғылыми бағыттың – құрылымдық Абель р-топтарының негізін қалады. Оның осы салада жеткен негізгі нәтижелері "Handbook of Recursive Mathematics", Elsevier Amsterdam, Lausanne, New-York, Oxford, Shannon, Singapore, Tokyo кітабына жеке бөлім болып енгізілді. 1995 жылдан бастап Н.Ғ.Хисамиев Америка математикалық қоғамының мүшесі болып табылады және 2010 жылға дейін әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінде кандидаттық диссертацияларды қорғау жөніндегі Диссертациялық кеңестің мүшесі болды.

Кафедра жұмыс үдерісін жұмыс бағдарламаларымен, әдістемелік және оқу құралдарымен, электронды оқулықтармен, студенттер білімін бақылау бойынша тестілік материалдармен қамтамасыз етеді.

Кафедрада магистратура мен PhD докторантура ашылған.

Кафедра қызметкерлері 5 монография, 200-дан артық ғылыми-әдістемелік және оқу құралдарын жариялады. Бұл жұмыстар Қазақстан, Ресей мен алыс шетелдердің орталық журналдарында жарияланған. Кафедра оқытушылары Халықаралық, Республикааралық және Республикалық конференцияларға тұрақты қатысып, пленарлық баяндамалар оқиды.

Кафедраның Нотр-Дам университетімен (University of Notre Dame), Новосібір, Омбы, Қазан мемлекеттік университеттерімен, РҒА Сібір бөлімшесінің Математика Институтымен, Алматы және Сиена (Италия) қалаларының университеттерімен ғылыми байланысы бар.

Кафедра оқытушылары университетте өткізілетін қоғамдық-тәрбие және спорттық шараларға белсене қатысады.

Кафедра профессорлары Н.Ғ.Хисамиев және С.Д.Тыныбекова «ЖОО үздік оқытушысы» мемлекеттік грантының иегерлері.

Кафедраның көптеген оқытушылары жоғары білім саласындағы көпжылдық адал еңбектері үшін құрмет грамоталары, алғыс хаттармен, ШҚМТУ мерейлік төсбелгілері және медальдарымен марапатталған (Н.Ғ.Хисамиев, С.Д.Тыныбекова, А.Л.Измайлов, Ю.В.Чи-Дун-Чи, В.Н.Сидоренко).

Профессор Н.Ғ.Хисамиев «Университеттің дамуына қосқан үлесі үшін» мерейлік медалімен, ғылым саласындағы жеткен жетістіктері үшін «Қазақстан ғылымын дамытуға қосқан үлесі үшін» төсбелгісімен марапатталған. Кафедра доценті В.В. Белослюдова білім саласындағы ерекше еңбегі үшін «Қазақстан Республикасы білімінің Құрметті жұмыскері» төсбелгісімен марапатталған.

Жауапты: доцент Белослюдова В.В.