Дәулет Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік техникалық университеті

Тіршілік әрекетінің қауіпсіздігі және қоршаған ортаны қорғау

«Тіршілік әрекетінің қауіпсіздігі және қоршаған ортаны қорғау» кафедрасы 1967 жылы құрылған болатын, «Еңбекті қорғау» кафедрасы деп аталды, 1995 жылы «Эргономика, еңбекті және қоршаған ортаны қорғау» кафедрасы болып қайта аталды, 2006 жылдан бастап «Тіршілік әрекетінің қауіпсіздігі және қоршаған ортаны қорғау» деген атауға ие болып келеді.

Кафедрадағы оқу үдерісін 20-дан артық адам санынан құралған профессор-оқытушылар құрамы, соның ішінде 4 ғылым докторы, 4 профессор; 8 ғылым кандидаты, 3 доцент; 10 аға оқытушы, 3 оқытушы қамтамасыз етеді, олардың жоғары оқу орыңда ғана емес, сондай-ақ өндірісте де жұмыс істеу тәжірибесі бар.

Кафедраның 4 филиалы бар:

  • «Еңбек және кәсіби аурулар гигиенасы» Республикалық ҒЗИ-ның филиалына қарасты (директоры Мұқажанова А.Қ.); 
  • Шығыс Қазақстан облысы бойынша экология Департаментінің филиалына қарасты (директоры Кавригин Д.Ю.); 
  • Шығыс Қазақстан облысы бойынша Еңбек қорғау мемлекеттік инспекциясы (директоры Қизатов Б.Қ.); 
  • «Казгидромет» Шығыс Қазақстан орталығына қарасты (директоры Еркінбеков М.Е.); 

Студенттердің оқу негізінде, оларды физика-математика, химия, информатикалық-есептеу және арнаулы пәндер бойынша іргелі түрде дайындау жатыр. Кафедра оқу процесін өзінің мамандандырылған оқу дәрісханаларында, зертханаларында, сондай-ақ тікелей кәсіпорындар филиалдарының зертханаларында жүргізеді.

Кафедрада 2-3 курс студенттерін «Сынама іріктеуші, 3 разрядты зертханашы» жұмыс кәсібіне дайындауды жүргізеді.

Кафедрадағы оқу үдерісі ТОҚ-ның қазіргі заманғы түрлерін қолданып, жүргізілуде, мультимедиялық дәрістер курсы дайындалды, электронды оқулықтар әзірленіп, басылды. Кафедра 2006 жылынан бастап Вроцлав университетінде оқитын студенттер үшін, ШҚМТУ-нің Семей қаласындағы филиалды үшін оқу үдерісін қашықтықтан оқу түрі бойынша қамтамасыз етуде.

Кафедра қызметінде ғылыми зерттеулер ерекше орын алады. Ғылыми жұмыспен айналысатындар үшін екі зертхана жұмыс істейді. Зертханалар ауадағы, судағы және топырақтағы зиянды заттардың шоғырлануын өлшеуге, шуыл мен дірілді, электромагниттік толқындарды, жарықтандыруды және басқа да факторларды анықтауға арналған қазіргі заманғы жабдықтармен қамтылған. Зиянды заттардың шоғырлануын өлшеу үшін газохроматографиялық, колориметрлік, спектрометрлік және т.б. қазіргі заманғы әдістер қолданады.

Кафедра кәсіпорындармен өндірістік практиканы өту жөнінде тиісті шарттар мен өзара шарттарды жасап, бұл жұмысқа студенттерді тартып, үнемі жасасып тұрады.

Біздің кафедраның бітірушілері - бұл Республикамыздың өндірістік кәсіпорындарының, қалалық және аудандық экологиялық комитеттерінің, жобалау ұйымдарының, ҒЗИ-ның жетекші мамандары және жоғары оқу орындарының оқытушылары. Қазақстан Республикасының, Ресейдің кәсіпорындары мен жоғары оқу орындарында, ірі компанияларында біздің бітірушілерді кездестіруге болады.