Дәулет Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік техникалық университеті

Текст с ошибкой:


Комментарий:


Дене шынықтыру және спорт кафедрасы

1960 жылы құрылған Дене тәрбиесі және спорт кафедрасы университеттегі ең алғашқы кафедралардың бірі болып табылады. Кафедраның бірінші меңгерушілері Б.Ф. Левченко мен М.Ф. Жақсылықов.

2006 жылдан бастап бұл кафедраға педагогика ғылымының кандидаты, доцент Л.А.Асмолова төрағалық етеді.

Кафедраның ғылыми және кадрлық потенциалы: 18 оқытушыдан. Oның ішінде: 3 ғылым кандидаты, 5 доцент, 10 аға оқытушы және 3 оқытушыдан тұрады.

Кафедра жұмысының регламенттік документтері төмендегідей:

  • «Дене тәрбиесі және спорт туралы» Заңы (1999 ж. 02 желтоқсан);
  • «ҚР 2007-2011 жылдарға арналған дене мәдениеті және спорт туралы мемлекеттік бағдарламаның дамуы жөніндегі» ҚРБҒМ бұйрығы (№ 498, 02 қыркүйек 2008ж.);
  • «ЖОО - ғы дене тәрбиесінің кафедралық жұмыстарының құрамы мен орындалу инструкциясы туралы» Заңы (№296 30.06.1992 ж.);
  • «Салауатты өмір салты» туралы 2008 – 2016 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарлама.

Осы құжаттардың негізінде жұмыс бағдарламасы құрылады, онда университеттегі спорттық базаның мүмкіндіктері, студенттердің саны мен оқытушылар құрамының біліктілігі қарастырылған.

Cпорт жаңалықтары

f3 f4

2016 жылдың қарашасы мен 2017 жылдың наурыз айларында кіші футболдан өткен «EXPO- 2017» көрмесіне арналған Облыс біріншілігі мен Өскемен қаласы кубогінің қорытындысы бойынша Д.Серікбаев атындағы ШҚМТУ командасы жүлделі I-орын алып, облыс және қала кубогін ұтып алды.

Ойын қорытындысы бойынша, 15-ГТК-2 тобының студенті Сәлім Бейбарыс 44 ұпай еншілеп, «Үздік шабуылшы» атағын иеленсе, 16-ССК-1 тобының студенті Уралханов Мақсат «Үздік қақпашы», 15-ТМК-3 тобының студенті Тоқтарбеков Алдияр «Үздік шабуылдаушы» атанды.

 

01.04.2017 ж. Д.Серікбаев атындағы ШҚМТУ студенттері арасында Спартакиада бағдарламасы негізінде шахматтан жарыс өтті. Команда құрамы 3 ер бала мен 1 қыз. Жарыс қорытындысы:

  • I орын – Сәулет және құрылыс факультеті
  • II орын – Жер туралы ғылымдар факультеті
  • III орын – Инженерия факультеті
f1 f2

31.03.2017ж. Д.Серікбаев атындағы ШҚМТУ студенттері арасында Спартакиада бағдарламасы негізінде үстел үсті теннисінен жарыс өтті. Университет студенттері белсенді өнер көрсетті. Жарыс қорытындысы:

  • I орын – Жер туралы ғылымдар факультеті
  • II орын – Инженерия факультеті
  • III орын – Ақпараттық технологиялар және бизнес факультеті
fis1 fis2

«Елбасы сияқты деніміз сау болсын»

1 желтоқсан күні «Елбасы сияқты деніміз сау болсын», «Шаңғы – 2017» атты науқан аясында шаңғыдан Өскемен қаласының ашық біріншілігі өтті. Аталмыш жарысқа біздің университеттің атынан 30 студент қатысты. Бірінші орынды университетіміздің 16-ТЭК-2 тобының студенті Курманбаев Данияр, екінші орынды 16-ТМК-1 тобының студенті Самат Әли иеленді.

fiz2 fiz3

2016 жылдың 26 қазан күні Д.Серікбаев атындағы ШҚМТУ-нде 1 курс студенттері арасында ҚР тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған кіші футболдан турнир өтті.

Жарыс нәтижелері:

  • I орын – Инженерия факультеті
  • II орын –Жер туралы ғылымдар факультеті
  • III орын – Ақпараттық технологиялар және бизнес факультеті
  • IV орын – ШҚМТУ колледжі

Турнир жеңімпаздары Д.Серікбаев атындағы ШҚМТУ студенттік кәсіподақ комитетінің сыйлықтарымен, мадақтама қағаздарымен  марапатталды.

fiz1

Өскемен қаласында 2016 жылдың 21-25 қазан күндері тоғызқұмалақтан ШҚО чемпионаты өтті. Жарысқа 6 команда, 63 спортшы қатысты. Еркінов Талант (16-ССК-1) және Хамитова Ботагөз (15-МТК-2) 2-ші орын алып, облыстық команда құрамына кірді.

Бадминтон дамып келеді

Наурыз мейрамы кундері Д.Серікбаев атындағы ШҚМТУ спорт залында Қазақ3стан Республикасы Тәуелсіздігінің 25-жылдығына арналған бадминтоннан ШҚО жекелей біріншілігі өтті. Біріншілікке 16 әйел және 16 ер спортшылар қаттысты. Бұл жарысқа ШҚМТУ студенттері, Өскемендегі Плеханов атындағы Ресей Экономикалық университетінің филиалы, Қазахстан-Американ Еркін университеті, АҚ «УМЗ» спортшылары және алғашқы рет «Казгипроцветмет» өкілдері, Зырян қаласының АҚ «Қазмырыш» және Семей қаласынан кәсіпкерлер қатысты.

Жарыс жеңімпаздары мен жүлдегерлері салтанатты түрде ШҚО облыстық денешынықтыру және спорт басқармасының алтын, күміс және қола медалдары мен дипломдарымен марапатталды.

Д. Серікбаев атындағы ШҚМТУ студенттері арасындағы Спартакиада бағдарламасы бойынша 2016 жылдың 17 наурыз күні волейболдан қыздар арасында жарыс өтті. Университет студенттері жарысқа белсенді қатысты. Жарыс қортындысы төмендегідей:
  • I орын- инженерия факультеті
  • II орын – ақпараттық технологиялар және бизнес факультеті
  • III орын - жер туралы ғылымдар факультеті
2016 жылғы 6-17 ақпан аралығында Алматы қаласында ҚР ЖОО арасында VI қысқы Универсиада болып өтті. Біздің университет спорттың сегіз түрінен сайысқа түсті: шаңғымен жүгіру (ерлер - 13 орын, әйелдер - 12 орын), президенттік көпсайыс (ерлер, әйелдер - 7 орын), шайбылы хоккей - 4 орын, конькимен жүгіру - 9 орын, сноуборд - 4 орын, тау шаңғысы - 5 орын, биатлон (ерлер - 6 орын, әйелдер - 5 орын), спорттық бағдарлама (ерлер, әйелдер - 8 орын). Біздің университеттен барлығы 56 студент қатысты. Д.Серікбаев атындағы ШҚМТУ командасы Қазақстанның 35 ЖОО арасында 8 орын иеленді.

2015ж. қазанның алтысы мен он бесі аралығында 1 курс студенттері арасында Д. Серікбаев атындағы ШҚМТУ-дың Ректор Кубогы «Сәлем ЖОО» үшін волейболдан (қыздар), футболдан (ұлдар) жарыс өтті. Жарыстың қортындысы төмендегідей болды.

Волейбол (қыздар):
  • I орын- инженерия факультеті
  • II орын - жер туралы ғылымдар факультеті
  • III орын- ақпараттық технологиялар және бизнес факультеті
Футбол (ұлдар):
  • I орын - жер туралы ғылымдар факультеті
  • II орын - ақпараттық технологиялар және бизнес факультеті
  • III орын - инженерия факультеті

2015ж. 30 сәуірі мен 7 мамыр аралығында Алматы қаласында ҚР IV Жазғы Спартакиадасы бағдарламасы аясында бадминтоннан жарыс өтті. ШҚО құрама командасы сапында біздің университет суденттеріде қатысты. Олар: Л.Быкова (СҚФ), А.Матвеева, А.Рысбекова, М.Заверняй (ТКМФ) студенттері, А.Горбатова (13МБУ) магистрант және университеттің бұрынғы студенттері У.Павлов, Р.Орехов және И.Новицкая. Жарысқа барлығы 9 команда қатысты.

ШҚО командасы 5-орын иеленді. Команданың барлық спортшыларына спорт шеберлігіне кандидат деген атақ берілді. Дене тәрбиесі және спорт кафедрасының атынан студенттерімізді ҚР IV Жазғы Спартакиадасында жақсы жетістіктерге жетулерімен құттықтаймыз және биылғы жылы оқу бітірушілерге диплом жұмыстарын жақсы қорғауларына тілектеспіз.

Д. Серікбаев атындағы ШҚМТУ студенттері арасындағы Спартакиада бағдарламасы бойынша 2015жылдың 23-27 ақпан аралығында волейболдан қыздар арасында жарыс өтті. Университет студенттері жарысқа белсенді қатысты. Жарыс қортындысы төмендегідей:

  • I – Ақпараттық технологиялар және энергетика факультеті;
  • II –Машина жасау жәнекөлік факультеті;
  • III – Тау-кен металлургия факультеті;
  • IV – Сәулет-құрылыс факультеті;
  • V – Экономика және менеджмент факультеті

2015жылы ақпанның алтысы күні Өскемен қаласында Қазақстан халықтары Ассамблеиасы Жылының басталуына арналған салтанатты синхрон-акция өтті.

Бұл синхрон-акцияға еңбек ұжымдары, оқушылар, жұмысшылар, студенттер, мұғалімдер мен зейнеткерлер қатысты. Бұл шарада ШҚМТУ студенттері де шет қалмады. Жүз шақты студенттер шаңғы жолына жарысқа шығып, «Біз достығымызбен мықты» жастар флеш-мобеге қатысты.

2014 жылдың 3 желтоқсаны күні Д. Серікбаев атындағы ШҚМТУ студенттерінің арасында Спартакиада бағдарламасы бойынша үстел теннисі мен шахматтан жарыс өтті. Жарысқа университет студенттері белсенді қатысты. Әр спорт түрінен команда құрамы 3(ерлер) және 1 (әйелдер) адамнан болды.

Жарыс қортындысы төмендегідей болды:

Үстел теннисі

  • 1-орын Машина жасау және көлік факультеті
  • 2-орын Экономика и менеджмент факультеті
  • 3-орын Ақпараттық технология және энергетика
  • 4-орын Тау-кен металлургия факультеті
  • 5-орын Сәулет-құрлыс факультеті

Шахматы

  • 1-орын Машина жасау және көлік факультеті
  • 2-орын Сәулет-құрлыс факультеті
  • 3-орын Тау-кен металлургия факультеті
  • 4-орын Ақпараттық технология және энергетика
  • 5-орын Экономика и менеджмент факультеті

2014ж. қараша айының 24 -28 жұлдызы аралығында ШҚМТУ спорт залында Спартакиада бағдарламасы бойынша баскетболдан ерлер арасында жарыс өтті. Бұл жарысқа бес факультет студенттері қатысты. Өз командаларына жанкүйер болып, жарысты қызықтағын жанкүйерлерде белсенділіктерін танытты.
Жарыстың қортындысында орындарды төмендегідей бөлісті:

  • I-орын тау-кен металлургия факультеті,
  • II-орын көлік және машина жасау факультеті,
  • III-орын сәулет-құрлыс факултеті.

 

2014ж. қазанның бірі мен оны аралығында 1 курс студенттері арасында Д. Серікбаев атындағы ШҚМТУ-дың Ректор Кубогы «Сәлем ЖОО» үшін волейболдан (қыздар), футболдан (ұлдар) жарыс өтті. Жарыстың қортындысы төмендегідей болды.
Волейбол (қыздар):
  • I орын- сәлет-құрлыс факультеті
  • II орын – машина жасау және көлік факультеті
  • III орын– ақпараттық технология және энергетика факультеті
Футбол (ұлдар):
  • I орын - тау-кен металлургиялық факультеті
  • II орын - ақпараттық технология және энергетика факультеті
  • III орын – машина жасау және көлік факультеті
Д. Серікбаев атындағы ШҚМТУ-дың құрама командасы 6 қыркүйек 2014 ж. Қала күніне арналған футболдан өткен турнирге қатысып III-орын иеленді.
Сәуірдің 3 мен 6 күндері аралығында ұлттық спорт түрі тоғызқұмалақтан жастар арасында Облыс біріншілігі өтті. Оған біздің ШҚМТУ-дың студенттеріде қатысты. Ақпараттық технология және энергетика факультетінің 12-РТК-1 тобының студенті Сыдықова Айгүл 3-орын иеленді. Айгүл биылғы жылы СШҮ нормасын орындады.
2014жылы  21 наурызбен 6 сәуір аралығында біздің оқу орынымыздың спорт залында бадминтоннан ШҚМТУ-дың ашық біріншілігі өтті. Бұл біріншілікке Өскемендегі оқу орындарының студенттері мен бұрындары осы оқу орынын бітіргендер қатысты. Жекелей біріншілікте ерлер арасында экономика және менеджмент факультетінің бұрынғы студенті Павлов Евгений ең үздік 1-орын, ақпараттық технология және энергетика факультетінің бұрынғы студенті Орехов Роман 2-орын, 3-орынды 11-ГТК-1 тобының студенті Рысбеков Қуаныш иеленді. Әйелдер арасында экономика және менеджмент факультетінің бұрынғы студенті Ирина Новицкая ең үздік атанса, 13-МБУ-1 тобының студенті Горбатова Анна 2-орын, сәулет-құрлыс факультетінің бұрынғы студенті Григорьева Ольга 3-орынды иеленді. Біздің жас спортшыларымыздың жетістіктерін атап кетсек, Быкова Любовь (11-ПО-1), Рысбеков Қуаныш (11ГТК-1), Заверняй Максим (11-ГД-1), бадминтоннан СШҮ нормаларын орындады. Біз оларға оқуда және спортта жоғары жетістіктерге жетуге тілектеспіз.
2014 жылы наурыздың 1-5 аралығында Қостанай қаласында ҚР ЖОО-дары арасында V Қысқы Универсиада бағдарламасы бойынша қысқы спорттық бағдарлаудан жарыс өтті. ШҚМТУ-дың ерлер құрама командасы командалық есепте 1-орын, қыздар құрама командасы 4-орын иеленді. Жалпы есепте қыздар арасында 12СРТ-1 тобының студенті Корнева Дарья абсолюттік чемпион атанды.
2014 жылы 10-14 наурыз аралығында ЩҚМТУ-дың спорт залында Спартакиада бағдарламасы бойынша ерлер арасында волейболдан факультет аралық жарыс өтті. Жарысқа бес факультет және колледж командалары қатысты. Бес күнге созылған бұл жарыста тек ойыншылар ғана емес, өз командаларына жанкүйер болып, ойынды қызықтауға келген спорт сүйер қауым да көп болды. Өте жақсы ойын көрсеткен ақпараттық технология және энергетика факультеті 1-орынды иеленсе, 2-3 орындарды сәлет-құрлыс факультеті мен тау-кен металлургия факультеті командалары бөлісті.
2014 жылы 24-25 сәуір аралығында ЩҚМТУ-дың спорт залында университеттің профессор оқытушылар құрамы мен қызметкерлер арасында волейболдан жарыс өтті. Жарысқа төрт команда қатысты (30 адам). Жарыстың қортындысында орындар төмендегідей бөлісті: 1-орын «Дене тәрбиесі және спорт» кафедрасы мен Әскери кафедра, 2-орын АХЧ, 3-орын Машина жасау және көлік факультеті, 4-орын Ақпараттық технология және энергетика факультеті командасы.