Дәулет Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік техникалық университеті

Текст с ошибкой:


Комментарий:


Геология және кен ісі

Геология және кен ісі» кафедрасы бакалавриаттың білім бағдарламалары арқылы 5В070700- Тау-кен ісі, 5В070600 - Геология және пайдалы қазбалар кенорындарын барлау, магистратураның: 6М070700- Тау-кен ісі, 6М070600- Геология және пайдалы қазбалар кенорындарын барлау және докторантураның 6D070600- Геология және пайдалы қазбалар кенорындарын барлау мамандықтары бойынша тау- кен ісі және геология саласының мамандарын дайындауды жүзеге асырады.

Кафедра құрамында жоғары білікті оқытушылар жұмыс істейді, олардың ішінде белгілі ғалым, геология және металлогения саласындағы ірі маман, ҚР Ұлттық Ғылым Академиясының академигі, г.м.ғ. докторы, профессор, ҚР кенді кенорындарының генезисі бойынша Халықаралық ұйымдардың мүшесі Б. А. Дьячков; ЖҒҚҰА корреспондент мүшесі, т.ғ.докторы Кумыков В. Х.; ЖҒҚҰА корреспондент мүшесі, т.ғ. докторы Шапошник Ю. Н.; МРА корреспондент мүшесі, г.м.ғ. докторы, профессор Сапаргалиев Е. М.; МРА корреспондент мүшесі, г.м.ғ. докторы, профессор Лось В. Л.

Кафедраның жоғары білікті оқытушыларының арасында геология және тау- кен ісі саласындағы әйгілі мамандар: университеттің ҒжХЫ бойынша проректор, г.-м.ғ.к Гавриленко О.Н.; кафедраның бірініші меңгерушісі (1994-2000 ж), доцент, ЖҒҚҰА корреспондент мүшесі, т.ғ.к. Игнатьев Р. А.; кафедраның меңгерушісі (2001ж.- қ.ж.), доцент, г.-м.ғ.к. Мизерная М.А.; доцент г.-м.ғ.к. Черненко З.И.; т.ғ.к. доцент Ананин А.И.
2010 ж. кафедра оқу бітірушілері, ал қазіргі кезде тәжірбиелі педагогтар мен

келешектегі жас ғалымдар кандидаттық диссертацияларын қорғады. Олар: т.ғ.к. Болатова А.Б.; т.ғ.к., Нұршайықова Г.Т.; т.ғ.к., Игнатьев Е.Р.; т.ғ.к., Тұңғышбаева З.К.

Кафедра оқытушылары оқу барысына жаңа интерактивті технологияларды және халықаралық тәжірбиелерді үнемі енгізеді; Халықаралық алмасу бағдарламасына қатыса отырып біліктіліктерін жоғарылатады (2011 ж, қазан айында кафедра меңгерушісі Мизерная М.А. - Жапонияда, Акита қаласының Акита университетінде дәрістер оқыды; 2012 ж қаңтар-ақпан айларында Болатова А.Б. Мәскеу қаласында РХДУ студенттеріне сабақ жүргізді); біліктілігін жоғарлатуға және конференцияға барған оқытушылар: доктор Дьячков Б.А Қытайға, Манғолияға, Италияға, Норвегияға, Австралияға барды; доктор Кумыков В.Х біліктілігін жоғарлатуға Парагвайда болды; доцент Мизерная М.А. біліктілігін жоғарлату мақсатымен Қытайда, Польшада, Туркияда, Ресейде, Жапонияда, Ұлыбританияда болды; доктор Шапошник Ю.Н. Мәскеуде, Санкт- Петербургте және Египетте болды; Болатова А.Б. конференцияға Қырғызстанға барды.

23.02.2012 жылы тау -кен металлургиялық факультетінің Ғылыми кеңесінің ауқымды отырысы өтті. Техника ғылымдарының докторы, профессор Шапошник Ю.Н. 1971 жылы бекітілген академик Скочинский А атындағы сыйлықпен марапатталды.

Тау- кен ісі және геология саласында жас мамандарды дайындаудың сапасын жоғарлату және оқу технологиясын жетілдіру мақсатында кафедраға қатысты өндірісте филиалдар құрылды. Кафедра филиалы АҚ «Қазмырыш» тау кен ісі және геология мамандықтарының студенттеріне жеке бағдарлама бойынша қосымша мамандандырылған дайындықты кәсіпорын оқу дәрісханаларында жүргізеді, барлық практикалық сабақтар тікелей кеніштерде өткізіледі. Студенттер АҚ «Қазмырыш» кәсіпорнынан қосымша шәкіртақысын алады, берілген кәсіпорынның ТКБК практика өтіп, жұмысқа алынады. «ВНИИцветмет» ЕМК филиалында кафедра оқытушыларымен институт мамандарының күшімен арнайы пәндерден сабақтар жүргізіледі, студенттер, магистранттар, докторанттар өндірістік практиканы өтеді.

Кафедраның оқу бітірушілері қазіргі кезде геологиялық ұйымдарда, аймақтың тау-кен кәсіпорындарында (ТУ «Востоканедра», ЗАО «Топаз», «Геос» ЖШС, «Геолен» ЖШС, АҚ «Қазмырыш», АҚ «Қазақмыс», «Казгипроцветмет» ЖШС, «Востокпромгео» корпорациясы, «Секисов тау-кен кәсіпорыны», Бақыршық тау-кен кәсіпорыны).

2001 жылдан бастап кафедрада 6М070700- «Тау-кен ісі», 6М070600-«Геология және пайдалы қазбалар кенорындарын барлау» мамандықтары бойынша магистрлерді, ал 2011 ж бастап 6D070600 - «Геология және пайдалы қазбалар кенорындарын барлау» мамандығы бойынша PhD докторларын дайындайды.

Ынтымақтастық келісім шарттарына сәйкес бакалаврды, магистрлерді, және PhD докторларын дайындау әлемнің әйгілі университетінің бас ғалымдарының көмегімен өткізіледі:

  • Музей Естественной истории, г. Лондон, Великобритания;
  • Тарихи жаратылыстану мұражайы, Лондон қаласы, Ұлыбритания.
  • Акита университеті, Акита қаласы, Жапония;
  • СБ РҒА геология және минералогия институты, Новосибирск қаласы, Ресей;
  • Томск мемлекеттік политехникалық университеті, Томск қаласы, Ресей.
  • Вроцлав университеті, Вроцлав қаласы, Польша;
  • Болат және балқыма Мәскеу институты, Мәскеу қаласы, Ресей;
  • Мәскеу мемлекеттік тау кен университеті, Мәскеу қаласы, Ресей.
  • П. Лумумбы атындағы халықтар достығының Ресей университеті (ХДРУ)

Кафедра студенттері, магистранттары, докторанттары жыл сайын біліктіліктерін жоғарлатуға және жақын және алыс шетелдерге (Польша, Вроцлав университеті; Ресей, ХДРУ; Мәскеу қаласы; Германия, Фрайберг қаласы; Қытай, Үрімші қаласы; Жапония, Акита қаласы, Акита университеті; АҚШ; Ұлыбритания, Лондон қаласы ЖТМ) алмасу бағдарламалары аймағында барады.

Кафедраға 15 жыл ішінде Швейцариядан, Норвегиядан, Австриядан, Даниядан, Германиядан, Грециядан Австралиядан, Жапониядан, Тайландтан, Франциядан, Ираннан студенттер мен магистранттар келіп біліктіліктерін жоғарлатып, іс-тәжірбиелік практикаларды өтті.

2014 жылы кафедра оқытушысы Н.А. Зимановская доктор PhD ғылым дәрежесін иеленуімен «Шығыс Қазақстан алтын-сульфидтік кенорындардағы асыл металлдадың ультрадисперсті минералдық фазалар» тақырыбы бойынша диссертацияны қорғап шықты.