Дәулет Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік техникалық университеті

Текст с ошибкой:


Комментарий:


Химия, металлургия және байыту

Кафедраның негізін қалаушы, металлургиялық және байыту мамандықтарының ашылуына ат салысқан, тек Қазақстанның ғана емес, бұрынғы барлық КСРО-ның металлургиялық өнеркәсіптерінің құрылуы мен дамуына үлкен үлес қосқан - танымал ғалым - металлург, ҚР ЖҒА-ның академигі, ҚР ғылымдарының еңбек сіңірген қайраткері, профессор Хан Октябрь Александрович. Кафедра 1958 жылдан бастап жұмыс істейтін "Химия" кафедрасы негізінде 1995 жылы қаланған.

Болашақ металлургтерді дайындау қажеттілігі Шығыс Қазақстан аймағында жетекші өнеркәсіптік салалардың, кен өндіру және түсті металлургияның шоғырлануымен шарттасылған. Аймақта түсті сирек және асыл металлдардың бай кенорындары пайдаланылады, сондай-ақ игерілуге дайындалады.

Шығыс Қазақстанда ірі және де технологиялық жағынан бірегей кен-металлургиялық бірлестіктер шоғырланған. Бұларға мынадай бірлестіктер жатады: «Қазмырыш» АҚ (оның құрамында Өскемен металлургиялық кешені, Риддер КБК, Зырян КБК), «Өскемен титан-магний комбинаты» АҚ, «Үлбі металлургиялық зауыты» АҚ және т.б. Өскеменде бүкіл әлемге әйгілі Шығыс ғылыми-зерттеу Түсті металлдар институты («ВНИИцветмет» ЕМК) және Қазақстан мемлекеттік жобалау Түсті металлургия институты («КАЗГИПРОЦВЕТМЕТ» ЖШС) жұмыс істейді. Жоғарыда айтылғанның бәрі тікелей біздің өңірде металлургиялық және байыту бейініндегі мамандарды дайындау қажеттілігін талап етті.

Кафедрада 25 адам еңбек етеді, соның ішінде профессор-оқытушылар құрамы - 23, соның ішінде 2 техника ғылымдарының докторы, 2 PhD докторы, 3 профессор және 15 ғылым кандидаты.

Кафедра ұжымы құрамында мырыш бар қорғасын балқытуын және химия қалдықтарын өңдеу арқылы мырыш зауыттарының шикізат базасының өсуі, титан-магний өндірісінің қалдықтарын қайта өңдеу, жаңа тауар өндірісінің сұлбаларын құруға және Қазақстан Республикасының импортты алмастыру мәселелерін шешуде жаңартпашылық технологиялар әзірлеу өзекті мәселелерін шешуге қатысады.

Кафедра металлургиялық бейіндегі мамандар дайындайтын Қазақстандағы сыбайлас кафедралар арасындағы ең жас кафедра болып табылады.

Қазіргі уақытта «Химия, металлургия және байыту» кафедрасында білім беру бағдарламасы бойынша төмендегідей мамандарды бакалавриат бойынша: 5В070900 - «Металлургия», 5В073700 - «Пайдалы қазбаларды байыту»; магистратура: 6М070900 - «Металлургия», 6М073700 - «Пайдалы қазбаларды байыту»; докторантура: 6D070900 - «Металлургия» мамандарын даярлау жүзеге асырылады.

 

Сертификаты: