Дәулет Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік техникалық университеті

Инновациялық жобалар тізбесі

2015-2016  оқу жылындағы ТКМФ жаңартпашылық жабаларының тізімі:

  • Кенішті Алтайдың тау-кен өндіру кәсіпорындарында минералды-шикізат базасын дамыту үшін жаңа, келешегі бар түрлі-түсті, сирек кездесетін және бағалы металды кенорындарын табу және іздеу.
  • Шығыс Қазақстанның алтын өндіретін өндірісі үшін бағалы металдардың минералды-шикізат басасын дамыту.
  • Қазіргі заманға сай ғылыми-техникалық деңгейде сирек-металды пегматитті кенорындарын бағалау және іздеу, болжаудың жаңа геологиялық-генетикалық пен минералдық-геохимиялық критерилерін жасау мақсатында Калба-Нарым кенді белдеуінде зерттеу жұмыстарын қайта жандандыру.
  • Шығыс Қазақстанның кенді емес пайдалы қазбаларының шикізат базасының қазіргі күйіне талдау жасау және әлемдік нарықта сұранысқа ие болатын шикізаттың тапшылықты түрлеріндегі кенорындарын игеруді және бағалау бойынша ғылыми-практикалық кепілдемелер жасау.
  • Шығыс Қазақстанның пайдалы қазбалар кенорындарын игеру технологиясын жетілдіру.
  • Пайдалы қазбаларды және техногенді қалдықтарды  нанодеңгейге дейін, тереңге дейін қайта өңдеудің жаңа технологиясын жасау.
  • Интенсивті тау-кен металлургиялық өндірісті кәсіпорындардың экологиялық қауіпсіздігін  және тұрақты экономикалық дамуын қамтамасыз ету.
  • Геохимиялық әдістерді қолдану негізінде кәсіпорындардың әсер ету аймағында қоршаған ортаны ластау мониторингін игеру.
  • Шығыс Қазақстанның техногенді қалдықтарын қайта өңдеу сұлбасын экологиялық және экономикалық жағдайларды ескере отырып жасау, сонымен қатар тауар өнімдерінің қажеттілігін көрсету.