Дәулет Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік техникалық университеті

Геодезия, жерге орналастыру және кадастр

«Геодезия, жерге орналастыру және кадастр» кафедрасы (ГКжК) –университеттегі ең алғашқы кафедралардың бірі. Ол 1958 жылғы 11 тамызда Өскемен құрылыс-жол институтының құрылымында бекітілген болатын.

1994 жылдан бастап университеттің аздаған кафедралар арасындағы әрі шығарушы, әрі жалпы университеттік кафедра болып табылады.  Қазіргі уақытта «Геодезия, картография және кадастр» кафедрасы Д.Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік техникалық университетіндегі жер туралы ғылымдар факультетінің құрамына кіреді.  Кафедра бакалавриаттың   3 мамандықтары, магистратураның 3 мамандықтары бойынша мамандарды даярлауды жүргізеді.

Кафедраның тұңғыш меңгерушісі т.ғ.к., доцент В.С.Горлов болды. В.С.Горлов зейнеткерлік демалысқа шыққаннан кейін, кафедраны т.ғ.к., доцент О.Т.Тоқмырзин, т.ғ.к., доцент Т.Т.Ипалақов басқарды.

1963 жылы кафедра құрамы елеулі түрде кеңейтілді – сол кезде кафедраға доцент Я.П.Яковлев, доценттің м.а. В.А.Бельчинская, ассистент Е.Е.Ольховский және т.б. келді.

1997 - 2015 жылдар аралығында кафедраны техника ғылымдарының кандидаты, доцент, СМГА (2010 ж.) мәртебелі прфессоры Қ.Б. Хасенов басқарды.

Қазіргі кезде кафедраны РФ т.ғ.к., PhD докторы М.Е. Рахымбердина басқарады. Кафедрада 15 штаттық оқытушылар жұмыс істейді, оның ішінде – 6 ғылыми дәрежемен және ғылыми атақпен. 2017-2018 оқу жылында қос қызметі шарттарында Өскемен қаласының мамандандырылған кәсіпорындардың жетекші мамандары жұмыс атқарады.

Кафедраның жақсы материалдық базасының болуы, кафедрада “Кадастр” зертханасы негізінде алғаш рет жерді экономикалық бағалау әдістемесі мен әдіснамасының әзірлемелері орындалған, 1994 жылы Қазақстан Республикасының Үкіметіне Қазақстандағы бірінші және жаңа 4313 “Қалалық кадастр” мамандығын ашу үшін негіздемесі болды.

2011 жылы 5В090700 «Кадастр» мамандығы Қазақстан Республикасы бойынша білім бағдарламасы рейтингісінде жетекші орын алады: 2011, 2012, 2013 жж.  -  I орын, 2014, 2015 жж. - II орын, 2016, 2017 жж. – III орын.  

2015 ж 5В090700 «Кадастр» мамандығы қазақстандық жоғарғы оқу орындары магистратураның білім беру бағдарламаларының рейтингтік баға беру бойынша II орын алды, ал 2017 ж. - III орын алды.

2014 жылы 5В071100 «Геодезия және картография» мамандығы Қазақстан Республикасы бойынша бакалаврлардың білім бағдарламасы рейтингісінде III орын алды, ал 6М071100 «Геодезия» Қазақстан Республикасы бойынша магистратураның білім бағдарламасы рейтингісінде II орын алды.

Кафедра Мәскеу, Новосібір, Германия қалаларының жоғары оқу орындарымен, Қазақстан Республикасы және ШҚО ұйымдарымен және кәсіпорындарымен тығыз шығармашылық байланыстар жасауда, бұл үнемі барлық озық оқиғалар ішінде болып, оларға қажетті ғылыми-әдістемелік көмек көрсету мүмкіндігін береді.

Казіргі күнге дейін «Геодезия, картография және кадастр» кафедрасы Штутгарт  Университетімен (Германия, Штутгарт қ.), Қолданбалы ғылымның «Бойт» Университетімен (Берлин қ, Германия), Геожүйелер және технологиялар Сібір Мемлекеттік университетімен (ГжТСМУ, Новосібір қ, РФ), Масарика атындағы Университеті (Брно қ. Чеш Республикасы), Ташкенттік ирригация және мелиорация институтымен (Ташкент қ., Өзбекстан) және Мәскеудің геодезия және картография университеті (Мәскеу қ, РФ) сияқты әлемдегі атақты университеттермен жұмыс істейді.


Университеттер арасындағы ынтымақтастық туралы келісім шарттына сәйкес магистранттар мен студеттердің қысқа мерзімді тағылымдамар және  тәжірибе өтуі (ГжТСМУ, Новосібір қ, РФ),  сондай-ақ бірлескен мақалалар жариялау, конференцияларға қатысу жүзеге асырылады.


ГжТСМУ, Новосібір қ, 2017 жылы   

студенттердің іс-тәжірибе өтуі    

«Геодезия және картография» мамандығы студенттерінің Жас мамандар және студенттердің VIII Мемлекеттік семинар «ГЕОМИР» қатысуы. (ГжТСМУ, Новосібір қ)

2016-2017 оқу жылынан бастап 6М071100 «Геодезия» мамандығы бойынша Новосібір қ, ГжТСМУ - мен бірлескен екі дипломды білім беру жүзеге асырылады.


p1 p2 p3 p4

p8 p9 p10 p11