Дәулет Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік техникалық университеті

Текст с ошибкой:


Комментарий:


Тәрбие жұмысы

Факультеттегі тәрбие жұмысы жүйелі түрде жүргізіледі, оның негізгі компоненттері:

  • Қазақстан-2030 Стратегиясын жүзеге асыру;
  • Өзін-өзі жетілдіру мен білім алудағы қажеттіліктерді арттыру мақсатында ұмтылысты қалыптастыру;
  • Студенттерді салауатты өмір сүруге тарту, өсіп келе жатқан ұрпаққа белсенді азаматтық позицияны қалыптастыру;
  • Топтағы психологиялық жағымды климаттытудыруға әсер ету;
  • Студенттердің қоғамдық жұмыстармен айналысуына белсенділік көрсетуіне көмек көрсету, тақырыптық конкурстарға, байқауларға, олимпиадаға, мәдени және спорттық шараларға қатысуға тарту болып табылады.

Оқу жылы барысында студенттердің тәрбие жұмысының мәселелері кафедраның аға кураторларының, кафедраның бас қосуларында, факультеттегі кафедралардың кураторлар жиынында талқыланады. Кураторлар төмендегі бағыттар бойынша жұмыс жасайды:

  • Тілдерді дамытудың Мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру бойынша;
  • Қазақстан халқына Президент Жолдауының негізгі жағдайларын түсіндіру бойынша;
  • Салауатты өмір сүруді қалыптастырудың ұлттық бағдарламасын жүзеге асыру бойынша;
  • Патриоттық, құқықтық тәрбие мен заңды бұзушылықтың алдын алудың, сонымен бірге экологиялық мәдениетті қалыптастыруға мүмкіндік жасау;
  • Студенттерге эстетикалық және адамгершілік тәрбие беру.

Факультеттің аға кураторы «Тіршілік әрекетінің қауіпсіздігі және қоршаған ортаны қорғау» кафедрасының аға оқытушысы - Букунова А.Ш. тағайындалды. Кафедраның аға кураторлары: «Химия, металлургия және пайдалы қазбаларды байыту» кафедрасы бойынша - Бекимбаева Г.С., «Геология және тау-кен ісі» кафдерасы бойынша -Зимановская Н.А., «Тіршілік әрекетінің қауіпсіздігі және қоршаған ортаны қорғау» кафедрасы бойынша - Букунова А.Ш., «Геодезия, жерге орналастыру және кадастр» кафедрасы бойынша - Окасова А.Д., «Шет тілдер» кафедрасы бойынша - Леонова М.О., «Дене тәрбиесі және спорт» кафедрасы бойынша - Уанбаева Ф.Ж.

Факультетте студенттік өзін-өзі басқару құрылымы белсенді түрде жұмыс істейді. Тау-кен металлургия факультетінің студенттік өзін-өзі басқару құрылымының мақсаты студенттердің міндеттері мен құқықтарын шектеу, конструктивті, ұйымдастырушылық, коммуникативті іскерліктерін қалыптастыру, оқуға деген белсенділігін арттыру, жауапкершілік пен саналықты арттыруды қамтамасыз ету болып табылады. Сондықтан тау-кен металлургия факультетінің студенттік өзін-өзі басқару құрылымын ұйымдастыруда негізгі рольді студенттік өзін-өзі басқару кеңесі басқарады.

[Image]

pic2Жыл сайын факультет студенттері университет деңгейінде және қалалық деңгейде өткізілетін акциялар мен шараларға «Д.Серікбаев атындағы ШҚМТУ Аруы» «Студенттік көктем» фестивалі, «ШҚМТУ студенттері салауатты өмір сүруді қалайды» акциясы, «Бірінші курс таланттары» байқауы, Д.Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік техникалық университеті ректорының Кубогы «Салем, ЖОО» жарысы және студенттер арасындағы Спартакиада белсенді түрде қатысады.

Жыл сайын факультет студенттері университет деңгейінде және қалалық деңгейде өткізілетін акциялар мен шараларға «Д.Серікбаев атындағы ШҚМТУ Аруы» «Студенттік көктем» фестивалі, «ШҚМТУ студенттері салауатты өмір сүруді қалайды» акциясы, «Бірінші курс таланттары» байқауы, Д.Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік техникалық университеті ректорының Кубогы «Салем, ЖОО» жарысы және студенттер арасындағы Спартакиада белсенді түрде қатысады.

Факультет кураторлары топтардағы студенттердің сабаққа қатысы мен үлгерімін, №2 жатаханада тұратын студенттердің әлеуметтік жағдайларын тұрақты түрде бақылау жасап отырады.

Жер туралы ғылымдар факультетінің бірінші курс студенттері Д.Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік техникалық университеті ректорының Кубогы «Салем, ЖОО» жарысында футболдан (ұлдар) -1орын, волейболдан (қыздар) - 4орын алды. Факультет аралық спартакиадада жалпыкомандалық есепте факультет 3 орын иеленді.

 

Sport2015 RectorCup14
Спартакиада 2015г. Ректор Кубогіна жарыс (2014г.)