Дәулет Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік техникалық университеті

Инженерия факультеті

Инженерия факультеті 2017 жылдың қаңтар айында университет құрылымдарын  оңтайландыру нәтижесінде құрылды.

Жаңа факультеттің аты абитуриенттерге ұсынылатын оқу бағдарламаларының көптігін ескере отырып қойылған, өйткені инженерия – ғылыми-техникалық қызметтің бір саласына жата отырып, өзінің құрамына бірнеше арнайы аймақтар мен пәндерді біріктіруі негізінде, іргелі ғылым мен қолданбалы зерттеулердің негізгі постулаттарына сүйене келе адамдардың ғылыми және практикалық білімдерін іс-тәжірибеде қолдануға бағытталған.

Студенттердің кәсіби дайындығын жоғары дәрежелі 80-ден аса профессорлық-оқытушылар құрамы жүргізеді, олардың ішінде 34-і ғылым докторы мен кандидаттары, 29-сы магистр дәрежесінде.

Факультет 10 бакалавр мамандығын, 5 магистратура мамандығын және докторантура бойынша 1 мамандықты дайындайды.

Факультеттің күндізгі және сырттай оқу бөлімдерінде оқыту мемлекеттік және орыс тілдерінде жүргізіледі. Көптілдік топтарда пәндер қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде оқытылады.