Дәулет Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік техникалық университеті

Текст с ошибкой:


Комментарий:


Инженерия факультеті

Инженерия факультеті 2015 жылдың шілде айында университеттің 2 көне: архитектура-құрылыс факультетімен машинажасау және көлік факультеттерінің негізінде құрылды.

Жаңа факультеттің аты абитуриенттерге ұсынылатын оқу бағдарламаларының көптігін ескере отырып қойылған, өйткені инженерия - ғылыми-техникалық қызметтің бір саласына жата отырып, өзінің құрамына бірнеше арнайы аймақтар мен пәндерді біріктіруі негізінде, іргелі ғылым мен қолданбалы зерттеулердің негізгі постулаттарына сүйене келе адамдардың ғылыми және практикалық білімдерін іс-тәжірибеде қолдануға бағытталған. 

Студенттердің кәсіби дайындығын жоғары дәрежелі 200-ден аса профессорлық-оқытушылар құрамы жүргізеді, олардың ішінде 103-і ғылым докторы мен кандидаттары, 46-сы магистр дәрежесінде.

Жаңадан құрылған факультет 20 бакалавр мамандығын, 16 магистратура мамандығын және докторантура бойынша 2 мамандықты дайындайды.

Факультеттің күндізгі және сырттай оқу бөлімдерінде оқыту мемлекеттік және орыс тілдерінде жүргізіледі. Көптілдік топтарда пәндер қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде оқытылады.