Дәулет Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік техникалық университеті

Текст с ошибкой:


Комментарий:


Қазақстан тарихы және Қазақстан халқы Ассамблеясы

КОКП тарихы және саяси экономия кафедрасы құрылыс-жол институтының ашылған жылы құрылды. 1963 жылы екі кафедра құрылған: КОКП тарихы кафедрасы ( меңгерушісі - т.ғ.к., доцент Савостенко В. М.) және ғылыми коммунизм кафедрасы (меңгерушісі - Самойлов Я. И.). Олар жетекшілік еткен жылдары КОКП тарихы және саяси экономияның бірлескен оқу-әдістемелік кабинеті құрылды. 

Әр жылдары кафедраға тарих ғылымдарының кандидаттары - доцент Кобылкин Т. Ф., Барков А.Ф., Маркашов Ю.Н. жетекшілік етті. КСРО күйреуімен және Қазақстан Республикасының құрылуымен, ықшамдау жүргізіліп "Тарих және саяси экономика кафедрасы" "Экономикалық теория және Қазақстан тарихы" кафедрасына біріктірілді, кафедраға доцент Линок Н.Н. жетекшілік етті. 2001 жылы Гуманитарлық білім орталығы ашылған соң Линок Н.Н. оның директоры болып тағайындалды, кафедра меңгерушісіт.ғ.к., доцент Мамырханова А.М. болды. 

Кафедраның бұдан кейінгі жұмысы оқыту үдерісін жетілдірудің жаңа жолдарын іздеумен байланысты – әдістемелік материалдарды, электронды түрдегі дәрістер курстарын құру болды. 18.01.2006 ж № 13 - П бұйрыққа сәйкес "Экономикалық теория және Қазақстан тарихы" кафедрасы "Қазақстан тарихы және құқық" кафедрасына ауыстырылды, оған А.М. Мамырханова жетекшілік жүргізді, 2007 ж - Г.М. Қарасаев, 2013 ж - Г.И. Панковская. 03.07.2015 ж № 174-п бұйрықпен "Қазақстан тарихы және құқық" кафедрасы жер туралы факультеттің құрамына енді. 12.11.2015 ж. № 550-к бұйрығымен Р.Қ. Айдарбаева кафедра меңгерушілігіне тағайындалды.

Әлеуметтік гуманитарлық ғылымдар және Қазақстан Халқы Ассамблеясы кафедрасы  1958 жылдың қазан айында Өскемен құрылыс-жол институты негізінде, ең алғашқы бес кафедраның бірі болып марксизм-ленинизм кафедрасы құрылады және оны философия ғылымдарының кандидаты, доцент Дамитов Кабдош Дамитович басқарды. 10 жылдан кейін 1973 жылы оқытылатын пәндердің ерекшеліктеріне байланысты кафедра философия және ғылыми коммунизм (оны басқарғандар Григорьев Е.И., Плахотин Н.Д., Карбанев И.В болды) және саяси экономия (кафедра меңгерушісі И.Е.Васильев )  болып қайта өзгертіледі. 1990 жылы философия және ғылыми коммунизм кафедрасы философия және әлеуметтік-саяси теориялар кафедрасы болып өзгертіледі және оны профессор Григорьев Е.И  бірнеше жылдар бойы басқарады.  2005 жылдан бастап кафедра меңгерушісі Краснобаева Н.Л. болды.

19.09.2016 жылғы № 415-п  бұйрық бойынша «Қазақстан тарихы және құқық» пен «Әлеуметтік-гуманитарлық ғылымдар және Қазақстан халқы Ассамблеясы» кафедралары біріктіріліп «Қазақстан тарихы және Қазақстан халқы Ассамблеясы» деп аталып, кафедра меңгерушісі Айдарбаева Р.К тағайындалды.