Дәулет Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік техникалық университеті

Текст с ошибкой:


Комментарий:


Машинажасау

31Машинажасау кафедрасы 5B071200 - «Машинажасау» және 5B090100«Көлікті пайдалану және жүк қозғалысы мен тасымалдауды ұйымдастыру» мамандығы бойынша оқытады.

«Инновациялық экономиканы құру шикізаттық бағыттаманы емес, жоғары технологиялық машинажасаудың дамуын нақтылайды» (ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауынан).

Біздің бітіруші – машинажасау бакалаврі – терең білімпаздық пен мәдениеттілік, жоғары кәсіптік білім иегері, және де ол кез-келген бейіндегі машинажасау кәсіпорындарында; машинажасау бағытындағы жобалау-құрылымдық ұйымдарда; механикалық және жөндеу-механикалық зауыттарда конструктор, технолог, механик, өндіріс менеджері және т.с.с. ретінде жұмыс істей алады. Қазіргі заманғы ақпараттық машина-құрылыстық технологиялар саласында алған білімдері, біздің бітірушілерге, басқа мамандықтармен салыстырғанда, жұмысқа орналасу кезінде басым артықшылыққа ие болуға мүмкіндік береді.

5B090100 - «Көлікті пайдалану және жүк қозғалысы мен тасымалдауды ұйымдастыру» мамандықтың түлектерi үшiн кәсiби қызметтiң объектiлерi: жолаушылар және жүк автокөлiк кәсiпорындар; транспортты экспазициондық компания; транспортты логистикалық компания; iрi өнеркәсiптiк кәсiпорындар көлiк цех және сауда компаниялары; әкiмшiлiк полицияны басқаруы; iшкi iстер органдары; кәсiпорын және көлiк техниканы пайдалану жүзеге асыратын ұйымдар; маркетинг және қызмет көлiк-экспедициялық; аймақтық көлiк басқару органдары және мемлекеттiк көлiк инспекциясы.

Біздің бітірушілер Қазақстан Республикасында, Ресейде, таяу және алыс шетелдерде жоғары бағаланып, әруақытта қажет етіледі және де 100% көлемінде жұмысқа орналасады.

Олардың жоғары жан-жақты кәсіби дайындығы өндірістік және басқа да бизнес саласында жақсы бағдарланып, қазіргі заманғы нарықтық экономиканың қиын әрі үмітсіз жағдайында жеңіске жетуге мүмкіндік береді.

Кафедрада 6M071200 - «Машинажасау» және 6М090100 «Тасымалдауды, қозғалысты ұйымдастыру және көлікті пайдалану» мамандығы бойынша магистрлерді дайындайды, олар еңбек нарығында үлкен сұранысқа ие.

Сіздерді біздің Машинажасау және құрылымдық материалдар технологиясы кафедрасында көрүге қуаныштымыз (ШҚМТУ, Серікбаев көш. 19, Г1-429, Г1-430)