Дәулет Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік техникалық университеті

Текст с ошибкой:


Комментарий:


Су және орман ресурстары

Кафедрасының тарихы:

11 21961ж. – бастапқы кезде "Сантехника" деп аталытын кафедра ұйымдастырылды. Кафедраның тұңғыш оқытушылары – өндіріс мамандары болды: Т.И.Комаров, П.К.Энгель, И.Н.Гадзадцева, В.В.Соломатин, Е.Н.Крашенинников.

1965 ж. - алғашқы бітірушілер – 1209 - "Сумен қамту және канализация" мамандығы бойынша 18 инженер-құрылысшы. Алғашқы бітірушілердің үшеуі: А.П.Варлыгин, М.Н.Шевцов, С.Г.Цыбенко, өздерінің еңбек қызметін кафедраның ассистенттері ретінде бастады.

1966 ж. - "Сантехника" кафедрасы негізінде 2 кафедра құрылды: "Гидравлика" және "Сумен қамту және канализация", соңынан олар қайтадан біріктірілді.

1991 ж. - кафедрада "Жылу-газбен қамту, желдету және ауа бассейнін қорғау" жаңа мамандығы ашылды және кафедра "Су-ауа бассейнін тиімді пайдалану және жылу-газбен қамту" деген жаңа атуға ие болды.

2005 ж. - Қазақстандағы жоғары білім беру реформасына байланысты бітіру мамандықтары 050729 - "Құрылыс" мамандығы етіп түрлендірілді, келесі мамандандырулар бойынша: " Жылумен қамту және желдету " және "Сумен қамту және канализация".

2008 ж. - "Су ресурстары және суды пайдалану" мамандығы ашылды.

2015 г. - әкімшілікті қайта ұйымдастыру нәтижесінде кафедра "Су және орман ресурстары" атауын алды. Шығарушы кафедрасының жаңаланған мамандықтарының тізімі:
5B080500 - Су ресурстары және суды пайдалану;
5B072900 - Құрылыс: Жылумен қамту және желдету;
5B080700 - Орман ресурстары және орманшылық; 
5B072500 - Ағаш өңдеу технологиясы; 
5B072800 - Қайта өңдеу өндірісінің технологиясы.

3 4 5 6 7

Кафедраның бұрынғы түлектері Қазақстанның әр түрлі қалаларында, Ресейде, Молдовада, Израильде, Германияда, Канадада және т.б. жерлерде табысты түрде еңбектенуде. Олардың көбі өндіріс пен ғылымның түрлі салаларында басқарушылық лауазымдарда жұмыс істейді.

Өндіріс пен білімнің оңтайлы байланысы кәсіпорындардағы кафедраның филиалдары: «Ө Жылу желілері» АҚ, Ертіс БВИ, «Промвентиляция» ЖШС арқасында жүзеге асырылады.

Кафедраның ғылыми-техникалық ынтымақтастығы туралы келісім-шарт  аясында оқу-тәжірибелік, ғылыми-зерттеу жұмыстары төмендегі мекемелердің қатысуымен ойдағыдай жүргізіліп келеді: Новосібір мемлекеттік сәулет-құрылыс университеті, Алтай мемлекеттік  техникалық  университеті, М.Х. Дулати атындағы  Тараз мемлекеттік университеті, «Өскемен құс фабрикасы» АҚ, «Лаборатория-Атмосфера» ЖШС, Ертіс экологиялық департаменті, «ШҚО табиғи ресурстары мен табиғатты пайдалануды реттеу басқармасы» ММ,  «Өскемен-Водоканал» МҚК,  «Восток-Массивпроект»  ЖШС және  «Востокгражданпроект» АҚ.

 

3 3