Дәулет Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік техникалық университеті

Технологиялық машиналар және көлік

2015 жылдан бастап, «Технологиялық машиналар мен жабдықтар» және «Көлік және логистика» кафедраларының қосылуынан кейін кафедра «Технологиялық машиналар мен көлік» деп аталады, қазіргі кафедра меңгерушісі т.ғ.к., доцент Мұздыбаева Альфия Сеитовна.

1962 жылы Ө ҚЖИ қабырғасында «Құрылыс, жол және көтеріп-тасымалдау машиналары» (ҚЖ ж КТМ) кафедрасы құрылды, ол университеттiң қарт кафедраларының бiрi болып есептеледi.

Әртүрлi жылдары кафедраның меңгерушiлері болған: Преображенский Николай Самсонович, Гордеев Владимир Николаевич, Веригин Юрий Алексеевич, Гельцер Александр Кондратьевич, Буров Владимир Петрович, Гурьянов Георгий Александрович.

2000 жылдың қараша айында «Материалдар кедергісі» және «Машинатану» кафедраларын қосу негізінде «Механика және машинатану» (М ж М) кафедрасы құрылды, кафедраны кезек-кезек Хон Николай Владимирович және Томилин Александр Константинович басқарды.

Д. Серікбаев ат. ШҚМТУ машинажасау және көлік факультетінің «Технологиялық машиналар және жабдықтар» кафедрасы қазіргі атауын 2005 жылы желтоқсанда «ҚЖ ж КТМ» және «М ж М» кафедраларын біріктіргенде алған.

Кафедраны Вавилов Андрей Владимирович, Дудкин Михаил Васильевич басқарған. Қазіргі кезде «ТМ ж Ж» кафедрасының меңгерушісі Елемес Дархан Елемесұлы.

Кафедра күндізгі және сырттай оқу бөлімдері бойынша 9 мамандықтың студенттеріне дәріс береді және бакалавриаттың келесі мамандықтар бойынша шығаратын кафедра болып табылады:5B071300- «Көлік, көлік техникасы және технологиялары», мамандану: «Көтеріп-тасымалдау, құрылыс, жол машиналары және жабдықтар»; 5В072400 – «Технологиялық машиналар және жабдықтар»; 5В080600 – «Аграрлық техника және технологиялар»; 5В072200 – «Полиграфия».

Кафедра және де 6М071300 - «Көлік, көлік техникасы және технологиялары», мамандану: «Көтеріп-тасымалдау, құрылыс, жол машиналары және жабдықтар»; 6М072400 – «Технологиялық машиналар және жабдықтар» мамандықтары бойынша магистрлерді және 6D071200 – «Машинажасау» мамандығы бойынша докторанттарды дайындайды.

Ұлттық рейтингтің 2013 нәтижелер бойынша, 5В072400 - «Технологиялық машинаны және жабдықты» мамандығы ҚР жоғары оқу орндары арасында 3 орынға иеленді.

 

Сертификаттар: