Дәулет Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік техникалық университеті

Текст с ошибкой:


Комментарий:


Әскери кафедра

main_logoshevron2Жоғары оқу орындарындағы әскери кафедралардағы студенттердің әскери дайындығы -  жүйелі және мақсатты түрде жүргізілетін оқыту және тәрбиелеу үдерісі.

Әскери кафедрадағы студенттердің әскери дайындығы Қазақстан Республикасының қорғаныс министрлігі мен білім және ғылым Министрлігінің басқарушы құжаттарының және мамандықтар бойынша оқыту бағдарламаларының негізінде жүргізіледі.

i1(1)

employeeӘскери кафедрадағы әскери дайындықтың оқыту үдерісін ұйымдастыру мынадай жұмыстардан құралады: оқыту жұмысы; оқытушылар мен оқытушы көмекшілердің кәсібін жоғарлату; әдістемелік жұмыс; әскери-ғылыми, ғылыми-зерттеу жұмыстары; оқыту үдерісін техникалық құралдар және оқу құралдарымен қамтамасыз ету жұмыстары; студенттердің әскер-патриоттық тәрбиесіне қатысты және жалпылама қорғану жұмыстары; ішкі тәртіпке байланысты жұмыстар; студенттердің әскери бөлімдердегі жиналыстары; зачеттар, курстық жұмыстар, бітіру экзамендері.

Д. Серікбаев атындағы ШҚМТУ Қазақстан Республикасының қарулы күштері үшін төрт түрлі әскери мамандық дайындайды:

  • ВУС 021001– «Жаяу әскердің соғыс машиналарында мотобағыттық бөлімшелер, бөлімдер мен қосылымдарды пайдалану»
  • ВУС 310100– «Қаржы және әскери экономика»
  • ВУС 420200 –«Бронетанктік техниканың базалық машиналарын қолдану және жөндеу»
  • ВУС 560200– «Автомобильді техниканы қолдану және жөндеу »

Әскери кафедра штаттық тізбек бойынша келесідей құрамнан тұрады:

  • Профессорлық-оқытушылық құрамы – 15 адам;
  • Инженерлік-техникалық құрамы – 3 адам;
  • Оқыту-көмекшілік құрамы – 8 адам;
  • БАРЛЫҒЫ – 26 адам.