Дәулет Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік техникалық университеті

Текст с ошибкой:


Комментарий:


Оқу ісі

i4.2i4.6

Әскери кафедраның оқу ісі барлық сабақ түрлерінен тұрады, бекітілген оқу бағдарламасы бойынша жүргізіледі, бұл бағдарлама студенттердің әскери дайындығының ғылыми және практикалық мазмұнын құрайды, сонымен қатар нақты әскери мамандық бойынша теориялық білімдері мен практикалық дағыдыларынан тұрады. Әскери кафедрадағы оқу ісін жоспарлау келесідей дүниелерден тұрады: әскери дайындық пәндерін логикалық-құрылымдық схема бойынша қарастыру; әскери кафедраның оқу жылына, айына арналған жұмыс жоспары; оқытушылардың жылдық оқыту сағаттарын есептеу; студенттердің әскери оқуын жылдар бойынша сағатын есептеу; әскери дайындық бағдарламасының жоспарлы-кезектік өтілімі; әскери дайындық пәндері бойынша тақырыптық жоспарлар; оқытушылардың жеке жұмыс жоспары; студенттерге топтық және әдістемелік дағдыларды енгізуді кешенді жоспарлау; сабақтардың күнтізбесі. Әскери оқу сабақтары аптасына 1 рет деп жоспарланған және бұл сабақтар «ӘСКЕРИ КҮН» әдісі бойынша ұйымдастырылған. Әскери кафедрада өтетін негізгі сабақ түрлері: дәрістер, семинарлар, топтық жаттығулар мен сабақтар, практикалық, тактикалық сабақтар, жаттығулар, курстық және бақылау жұмыстары, студенттердің өзіндік дайындықтары және әңгімелесу сабақтары.

i4.3i4.1

Сабақтар, негізі, арнайы сыныптарда және оқу взводының құрамындағы оқу объектілерінде өтеді. Сабақтар негізі әскери қимылдарды орындау кезіндегі түрлі практикалық дағдыларды жетілдіруге бағытталған.

Әскери дайндықтың қорытынды бөлімі – студенттердің әскери бөлімдердегі жиналыстары. Бұл жиналыстар соғыс жағдайындағы практикалық оқуды жетілдіру мақсатында өткізіледі, бұл оқулар кезінде студенттердің әскери кафедрадағы оқулары кезіндегі топтық және әдістемелік дағдылары артады, қару ату жаттығулары, машина жүргізу және басқа да әскери-оқу жаттығулары жүргізіледі. Студенттердің оқу материалын қаншалықты меңгергендерін біліп, сабақтардың өтілу деңгейінен ақпарат алу үшін әскери кафедраның басқару бөлімі, аға оқытушылар және оқытушылар ағымдық бақылау жүргізеді. Ағымдық бақылау негізінде әрбір семестр бойынша қорытынды баға шығарылады. Бақылаудың қорытындысы кафедра отырыстарында талқыланып, қаралады.

i4.5i4.4

Пәндер және мамандықтар бойынша барлық оқу мақсаттарын жүзеге асыру үшін, оқу бағдарламасының талаптарына орай, әрбір мамандық бойынша қорытынды бақылау зачеттар, курстық жұмыстар және бітіру экзамендері түрінде өтеді.