Дәулет Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік техникалық университеті

Текст с ошибкой:


Комментарий:


Тарихи анықтама

Әскери кафедра Д. Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік техникалық университетінің құрылымдық бөлімшесі ретінде 1999 жылы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 07.09.1999 ж. № 1319 қаулысы, Қазақстан Республикасы Сыртқы Істер министрінің 04.10.1999 ж. № 155 бұйрығы, Қазақстан республикасы Білім және ғылым министрінің 28.09.1999 ж. № 370  бұйрығы негізінде жаңадан ашылды. Осы құжаттар негізінде 1999 жылғы қарашаның 1–нен бастап әскери кафедра ұжымын және оқу–матриалдық негізін құру жұмыстары басталды. Әскери кафедраны құру мәселесімен ШҚТУ ректоры Ю.В. Баталов белсенді айналысты. i2.1 Ректор шешімімен әскери кафедра Д. Серікбаев атындағы ШҚТУ №5 ғимаратына орналастырылды және онда жөндеу жұмыстары жүргізіліп, сыныптық-зертханалық базамен жбдықталды. ҚР Қорғаныс министрінің бұйрығымен әскери кафедраның бірінші бастығы болып полковник Альжанов Ерсаин Мейрамұлы тағайындалды.

2000 жылдың ақпан –мамыр айлары аралығында әскери кафедра студенттерге жоғары деңгейде сабақ өткізуге мүмкіндік туғызған қажетті әскери –техникалық мүліктермен қамтамасыз етілді.

ҚР ҚК Бас  штабы Бастығының өкіміне сәйкес16.05.2000ж. мен  20.05.2000ж. аралығында запастағы офицерлер бағдарламасы бойынша студенттерді әскери дайындыққа даярлау бойынша сабақтың басталуына кафедраның дайындығын  ДК МО РК әскери білім беру басқармасының комиссиясы  тексерді.Комиссия жұмысының нәтижесінде студенттерді белгіленген әскери –есеп мамандығы бойынша оқыту үшін оқу үдерісін ұйымдастыруға  рұқсат алынды. i2.2

ВС РКБас штабы Бастығының өкіміне сәйкес 25.02.2002ж.мен 1.03.2002ж. аралығында ДК МО РК әскри білім беру басқармасының комиссиясы әскри кафедраны жан–жақты тексерді. Комиссия қорытындысында белгіленген әскери–есеп мамандығы бойынша запастағы офицерлерді даярлау міндетін атқаруға кафедраның қабілетті екендігі көрсетілді.

11.10.2000 ж. әскери кафедраның жабдықталуы, орналасуы, өмірі және тұрмысымен танысу мақсатында Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің орынбасары генерал – майор М.К. Сихимов келді.

2004 жылдың қыркүйек айында запастағы офицерлер дайындығын ұйымдастыру, сондай–ақ,  әскери кафедраның жабдықталуы және орналасуымен танысу мақсатында Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің орынбасары генерал – лейтенант А.Б. Тасбулатов және Шығыс әскери округінің бастығы генерал – майор Б. Джанасаев келді.

Құрылғанына 5 жыл толуын атап өту мерекесіне 1.10.2004 ж. әскери кафедраға  Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің орынбасары генерал – майор Н. Н.  Поспелов келді.

ҚР ҚМ Кадрлар департаменті жоспарына сәйкес 13.10. мен15.10.2005 аралығында ҚР ҚМ Кадрлар департаменті әскери білім беру Басқармасының жекелей тексерісі болды. Комиссия қорытындысында профессорлар-оқытушылар құрамы дайындығының деңгейі , оқу материалдық-техникалық база әскери дайындықты ұйымдастыруға қойылатын талаптарға сай екендігі көрсетілді.

Қазақстан Республикасының Қорғаныс миистрі атап көрсеткеніндей, «ВОСТОК- 2005»оқу жаттығуын өткізу кеінде әскери кафедра курсанттары әскери бөлімге көмек көрсетті. 2008 жылы оқу жаттығуын өткізу кезінде әскери кафедраға ҚР ҚМ Әскери білім беру және ғылым департаменті бастығының орынбасары  полковник Д.А. Кенжебаев келді. Ол ҚР Қарулы күштеріне жоғары білікті кадрларды дайындау ісіндегі жеткен жетістіктерді атап өтті және келешекте табыстар тіледі.

history3Өткен мерзім ішінде әскери кафедра Қарулы күштер үшін 2000 астам мамандар даярлады және Қазақстан Республикасындағы жетекші кафедралар санатына енеді. 2009 жылдың қарашасында атап өтілген 10 жылдық мерейтой оқытушылар мен оқыту-қосалқы қызметкерлер құрамының Д. Серікбаев атындағы ШҚМТУ әскери кафедрасының құрылуы мен дамуы жолындағы жұмысының алғашқы қорытындысы болып табылады. Алдағы уақытта әлі де көптеген қызықты және жемісті жұмыстар күтіп тұр.