Дәулет Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік техникалық университеті

Текст с ошибкой:


Комментарий:


Әдістемелік жұмыс

i5.1Оқыту үдерісі мен оқытушылар қызметінің негізгі бөлігі - әдістемелік жұмыс. Ол студенттердің әскери білімі мен тәрбиесіне қатысты әдістемені жетілдіруге, оқытушылардың педагогикалық шеберлігін арттыруға, оқыту үдерісін ұйымдастыру мен жүргізуге байланысты ұтымды әдістерді ойлап табу және енгізуге бағытталады. Әскери кафедарадағы негізгі әдістемелік жұмыстар: әскери кафедра оқытушыларының әдістемелік жиналыстары, мамандықтар бойынша әдістемелік-құрастырушылық, ашық және көрмелік сабақтар, оқытушылардың өзара сабақтарға қатысуы, кафедра отырыстары, оқу және әдістемелік құралдарды құрастыру және жетілдіру, студенттерге әскери білім беру мен тәрбиелеудің өзекті мәселелеріне зерттеу жүргізу, оқыту үдерісінде студенттерді оқыту мен тәрбиелеудің алдыңғы қатардағы әдіс-тәсілдерін пайдалану, әдістемелік шеберліктерін арттыру мақсатындағы оқытушылардың өзіндік жұмыстары.  

Әрбір пән бойынша, студенттердің әскери дайындығын арттыру үшін әскери кафедра жеке әдістемелік еңбектер жасады, ол мынадай дүниелерге негізделеді: оқыту мен тәрбиелеудің мақсаттары, міндеттері және негіздері; өтілетін тақырыптардың жүйелілігі, олардың басқа салалармен байланысы; түрлі сабақтарды жүргізудің ұстанымдары мен әдістері; топтық, әдістемелік, практикалық дағдыларды енгізу әдістері; студенттердің өзіндік жұмыстарын ұйымдастыру; оқытушылардың сабаққа дайындығын ұйымдастыру. Студенттерді оқыту мен тәрбиелеудің алдыңғы қатардағы әдістерін пайдалану мен оқытушылардың педагогикалық шеберлігін арттыру мақсатында, әдістемелік кабинет ашылды; бұл кабинеттің жұмысын әдістемелік кабинет Кеңесі жүзеге асырады, Кеңесті басқаратын - әскери кафедраның оқу ісі жөніндегі бастығының орынбасары. Әдістемелік кабинет Кеңесі құрамына тәжірибелі оқытушылар кіреді. Әдістемелік кабинет Кеңесінің негізгі жұмысы: студенттерді оқыту мен тәрбиелеу жұмысының алдыңғы қатардағы үлгілерін жинақтау, анализдеу және тарату; әдістемелік жұмысқа қатысты дәрістер ұйымдастыру, ғылыми хабарламалар, баяндамалар, маңызды мәселелер жөнінде әңгімелер жасау; педагогикалық  әдебиеттер мен құжаттардың көрмесін ұйымдастыру.

Әскери кафедрада барлық жоспарлаушы және есеп беруші әдістемелік құжаттар жасалған. ҚР-ң Қарулы Күштернің нормативті-заңнамалық қорындағы және әскери-техникалық қамсыздануындағы болып жатқан түрлі өзгерістерге байланысты, барлық әскери мамандықтарда оқу-әдістемелік құралдар нақтыланып, өзгертіліп отырады. Әскери дайындық мамандықтары бойынша оқытушылар 25 оқу-әдістемелік еңбек жасалды. ҚР-ң БМ-ң әскери білім мен ғылым Департаментының жоспары бойынша ұйымдастырылатын, жоғары оқу орындарындағы  атқарушы әскери кафедралардың жиналыстарына әскери кафедра басқармасы үнемі қатысып жүреді.