Дәулет Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік техникалық университеті

Текст с ошибкой:


Комментарий:


Әскери-ғылыми, зерттеу және рационалистік жұмыс

i8.1i8.3

Әскери-ғылыми, зерттеу және ойлап табу, рационалистік жұмыс әскери кафедра оқытушыларының негізгі қызметі болып саналады, бұл жұмысқа, сонымен бірге, әскери дайындықтан өтіп жүрген студенттер де белсене қатысады. Әскери кафедрадағы әскери-ғылыми, зерттеу және ойлап табу, рационалистік жұмыс бекітілген жұмыс жоспары бойынша ұйымдастырылады және жүргізіледі. Әскери кафедрада «Әскери дайындық» деп аталатын ғылыми-техникалық үйірме бар. Оқу үдерісін ұйымдастыру қажеттіліктерін, әскери кафедраның оқу-құралдар қорын жетілдіруді, оқытудың техникалық құралдарын, көрнекіліктерді, техникалар мен қару-жарақтарды жетілдіруді ескере отырып әскери кафедра белгілі бір тақырыптарды таңдайды.

i8.2

Әскери-ғылыми, зерттеу және ойлап табу, рационалистік жұмыс негіздері әскери кафедра отырыстарында талқыланады. Әскери кафедраның оқытушылары мен студенттері оқу үдерісін ұйымдастыру үшін, түрлі мамандықтарға арналған, оқытудың техникалық әдістеріне арналған макеттар, стендтар, көрнекі құралдар дайындайды. Әскери кафедрада оқитын көптеген студенттер осы іске белсене араласады.

Әскери кафедраның оқытушылары пәндерді оқыту әдістемесіне, студенттерді оқыту мен тәрбиелеу ісіне, педагогика мен психологияға байланысты зерттеу жұмыстарын жүргізеді. Осы жұмысқа ең белсенді қатысатын оқытушылар:

  • қор полковнигі Терещенко В.И.
  • қор подполковнигі Кулешов Ю.П.
  • қор подполковнигі Зуев В.М.
  • қор подполковнигі Федоров Ф.П.