Дәулет Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік техникалық университеті

Текст с ошибкой:


Комментарий:


Профессорлық-оқытушылық құрамның кәсіби дайындығы мен оны жоғарлату

i7.1Оқытушылардың кәсіби деңгейін жетілдіру келесі жүйеде жүзеге асырылады: оқу жылында бекітілген жоспар мен Бағдарлама бойынша өткізілетін кәсіби дярлау сабақтары; офицерлерді қайта дайындау және кәсіби жетілдіру курстары; туыстас мамандықтар бойынша әскери кафедралармен тәжірибемен алмасу; барлық оқу әдістемелік және тәрбие жұмыстарын жүргізу кезіндегі өзінің әскери және арнайы білімдерін өзіндік жетілдіру. Кәсіби дайындықты әскери кафедраның бастығы жүргізеді, бұл дайындық Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрінің директивасы мен бұйрықтарының талаптарына, кәсіби даярлау бағдарламаларына негізделеді. Кәсіби даярлаудың негізгі мақсаты – олардың теоретикалық-идеялық деңгейін жүйелі түрде жоғарлату және әскери-профессионалды, әдістемелік білік пен дағдыларды қалыптастыру.

Кәсіби дайындық жоспары бір оқу жылына жасалады және әскери кафедра бастығымен нақтыланады. Жоспардың негізі – кәсіби дайындық бағдарламасы.

Кәсіби дайындық құрамына кіреді: мемлекеттік-заңнамалық дайындық, әскери педагогика мен психология, әдістемелік, арнайы, техникалық, оттық, физикалық дайындық және ҚР ҚК-ң жалпыәскери жарлықтарын білу. Кәсіби дайындық кезінде студенттерді әскери дайындау жөніндегі бастапқы құжаттар қаралады. Тактикалық, арнайы, әдістемелік білімін арттыру үшін әрбір офицерге жеке тапсырмалар беріледі, бұл тапсырмаларды кафедра бастығы әрбір офицердің кәсіби деңгейін ескере отырып жасайды. Жеке тапсырмалар рефераттар, баяндамалар, ақпараттық құралдар негізінде, іс-тәжірибеде көрініс табады.

i7.2қытушыларды кәсіби дайындау курстарына бағыттау әрбір бес жыл сайын болып отырады, бұл іс Қазақстан Республикасының Қорғаныс Министрлігінің әскери білім мен ғылым Департаментінің жоспары бойынша жасалады. Кәсіби жоғарлату курстарына ең алдымен  жоғары лауазымға аттестацияланған офицерлер, сонымен бірге оқытушылық тәжірибесі жоқ офицерлер барады. Офицер-оқытушылардың көбі кәсіби дайындау курсын Астана қаласының Президент жанындағы мемлекеттік басқару академиясында білім алған. Жыл сайын оқытушы құрам тәжірибе алмасу мақсатымен Республиканың басқа да ЖОО-ның әскери кафедраларына іс сапарға барады. Әскери кафедраның басқарушы құрамы жыл сайын Қазақстан Республикасының Қорғаныс Министрлігінің әскери білім мен ғылым Департаментіні өткізетін оқу-әдістемелік жииындарға барады.