Дәулет Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік техникалық университеті

Текст с ошибкой:


Комментарий:


Әскери дайындықтан өту үшін студенттерді іріктеу мен қабылдау

Студенттерді әскери дайындыққа тарту жыл сайынғы Қазақстан Респубикасы Қорғаныс министрінің рұқсат етуімен ҚР Үкіметінің 2006 жылғы мамырдың 24-і №449«Мемлекеттік органдардың әскери қызметке азаматтарды дайындауды мен қамтамасыз ету Ережесін бекіту туралы»қаулысына және Д. Серікбаев атындағы ШҚМТУ ректорының бекітуіне сәйкес әскери-есептік мамандық бойынша жүзеге асады.

Конкурстық іріктеуді іріктеу комиссиясы өткізеді, оның құрамы мен уақыты Қазақстан Республикасы Қорғаныс Министрінің бұйрығымен белгіленеді.

Конкурстық іріктеуге құжаты ҚР 2006 жылғы мамырдың 24-і №449 Азаматтарды әскери қызметке дайындауды мемлекттік органдардың қамтамасыз етуі мен ұйымдастыру Ережесін бекіту туралы» Үкімет Қаулысының талабына жауап беретін күндізгі бөлімнің студенттері жіебріледі. Тілек білдірушілердің қажетті құжаттары әскери кафедрағажіберіледі.

Студенттердің денсаулығы туралы медициналық куәландыруды қала басқармасының әскери-дәрігерлік комиссиясы, қорғаныс ісі жөніндегі аудан бөлімдері жүргізеді. Суденттерге ҚР Қорғаныс министрінің 2005жылғы наурыздың 16-ғы №117 «ҚР Қарулы Күштері, басқа да әскер мен әскери құрылымдардағы әскери-дәрігерлік сараптау ережесін бекіту туралы» талаптар қойылады.

Студенттердің дене дайындығы іріктеу комисиясы белгіленген көрсеткіш бойынша бағалайды, оның құрамында университеттің дене тәрбиесі кафедрасының оқытушылары болады. Студенттердің үлгірімінің орташа жылдық балының байқауы іріктеу комиссиясының отырысында қаралады, комиссия төрағасына әскери кафедрада оқуға ниет білдіруші студенттердің үлгірім тізімдемесі және декан растаған медициналық анықтама көрсетіледі. Байқау кезінде жетім балалар мен аз қамтылған отбасы балаларына, факультет, университет деңгейіндегі қоғамдық жұмыстарға белсене қатысып жүрген студенттерге жеңілдіктер ескеріліп, байқаудан бірінші өтеді.

Конкурстық ірітеу өткенен кейін іріктеу комиссиясы отырысының хаттамасы ресімделеді, оған комиссия төрағасы мен мүшелері қол қояды. Хаттама негізінде студенттерді әскери дайындыққа тарту туралы ректор бұйрығы шығарылады.