Дәулет Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік техникалық университеті

Бронетанктік техниканың базалық машиналарын қолдану және жөндеу

i1.1.1s3 1 «Бронетанктік техниканың базалық машиналарын қолдану және жөндеу» (ВУС-420200) мамандығы бойынша студенттердің әскери дайындығы халқына, Отанына және өкіметке  адал қажетті теориялық білімді меңгерген, автомобиль техникаларын өндеу мен пайдалануды ұйымдастыру дағдыларын меңгерген, бөлімшелер мен бөлімдерді автотехникалық қамтамасыз ете алатын, әртүрлі әскери жағдайда автомобиль тасымалын ұйымдастыра алатын, ұрыс жағдайында қару мен әскери көлікті тиімді пайдалана алатын Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері үшін запастағы офицер мамандарын дайындау мақсатын көздейді. Бұл қасиеттер студенттер бойында оқу орнының әскери кафедрасында оқыған кездерінде жинақтаған теориялық білімдері мен оқыту тағылымынан өту кезінде жинақтаған дағдылары арқылы қалыптасады.

Осы мамандық бойынша студенттер білулері керек:

i1.2.2s3 2Заманауи әскери ұрыстың негізін, момтоатқыштар бөлімін ұйымдастыру мен қарулануын, әрекет тактикасын, ұрыс кезінде бөлімді басқара білуді; Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері жалпыға бірдей жарғысын, материалдық бөлім мен жинақталған қорды сақтау мен дұрыс жұмсау, атылатын қаруды дұрыс пайдалану,   әскерді техникалық және тылдық қамтамасыз етудің жалпы ережелерін, бөлімшелер мен бөлімдердегі автомобиль қызметінің міндеті мен ұйымдастыруды; бөлімді автотехникалық қамтамасыз етудің негізгі ережелері мен ұйымдастыруды, бөлімдерді автомобильдік тасымалдау,   БМП және  БТВТ танкілерінің  құрылғыларын, автомобильдерді дұрыс сақтау, оларды дұрыс пайдалану ,жөндеу жұмыстарын ұйымдастыруды.

s3 31.2.4Бөлемшелерді дайындықтың әр түрлі дәрежелеріне жеткізу қызметтік міндеттерді орындау, бөлемшелердің жоғарғы әскери дайындығын қамтамассыз ету, ұрыстың барлық түрлерінде танк (мото атқыш) бөлімдерді ұйымдастырып қамтамассыз етуін жасау керек; ұрыстың барлық түрлерінде танк (мото атқыш) техникасының дайындығын, жөндеуін қамтамассыз етуін жасау керек; қарудың техникалық қамтамасыз етілуін ұйымдастыру және бақылау; танк қаруын атуға дайындау; түйіндер мен агрегаттардың істен шығу себептерін анықтау және оларды жою;