Дәулет Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік техникалық университеті

Әскери-патриоттық тәрбие және жалпылама қорғану жұмысы

i6.7i6.3

Әскери-патриоттық тәрбие әскери кафедрада оқитын студенттердің жоғары моральдық, кәсіби-әскери және психологиялық қасиеттерін, ұйымшылдық, тәртіптілік қасиеттерін қалыптастыруға негізделеді, бұл қасиеттер олардың Конституциялық міндеті болып табылатын Отанды қорғау ісін жүзеге асыруға көмектеседі. Әскери кафедрадағы әскери-патриоттық тәрбиенің негізгі міндеттері:

  • Отанды қорғау идеясын, Қазақстан Республикасының Конституциясының талаптарын, Президенттің әскери қызмет пен әскери құрылыс жөніндегі мәселелерін айқындау;
  • студенттердің және ішкі бөлім бойында жоғары саналылықтың, қырағылықтың, Отанға деген адалдықтың, қажетті моральды-әскери қасиеттердің қалыптасуы;

i6.4i6.6

  • халықтың өткен тарихындағы ерлік істер мен Қарулы күштердің атақты әскери ғұрыптары мен міндеттерін, олардың қазіргі таңдағы сипатын насихаттау;
  • үлкендердің, бастықтардың бұйрықтарын бұлжытпай, нақты орындау дағдыларын енгізу, Отан және халық алдындағы борыштық сезімді тәрбиелеу, елдің қорғаныс күшін нығайту және тұрақты халықтық қорғанысты ұйымдастыру дағдыларын енгізу; 
  • еліміздегі халықтар арасындағы достық сезімді тәрбиелеу және Қазақстан Республикасын қорғауға дайын болу дағдысын енгізу.

Университет және қала мен облыс басшылығы ұйымдастыратын әскери-патриоттық және тәрбиелік шараларды ұйымдастырушы және ең белсенді араласатын - әскери кафедра. Оларға мынадай шаралар жатады:

i6.5i6.11

  • «Естелік» марафоны;
  • Отанды қорғаушы күні;
  • Ұлы Отан соғысы жеңісіне арналған мереке;
  • соғыс және еңбек ардагерлерін қарсы алу және қошеметтеу;
  • әскери-патриоттық әндер сайысы;
  • курсанттар арасындағы спартакиада;
  • университеттің спорттық шаралары;
  • университет өткізетін түрлі мейрамдар мен фестивальдар.

i6.8i6.1

Спорттық жарыстарда әскери кафедра жүлделі орындар алады. Әскери кафедра Афганистанның ардагерлер Кеңесімен, әскери бөлімшелермен, Өскемен қаласының мектептері мен оқу орындарымен  жақсы әрі тығыз байланыста. Әскери кафедраның офицерлері жастарды оқытып, тәрбиелегендері үшін, бірнеше мәрте университет және Қорғаныс Министрі атынан мараппатталған.