Дәулет Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік техникалық университеті

Әскери кафедра

Жоғары оқұ орындарындағы әскери кафедраларында студенттердің әскери дайындығы ол оқу мен тәрбиелеу жөніндегі дәйекті және мақсатты процесі болып саналады.  

Жоғары оқу орындарындағы әскери кафедраларында студенттердің әскери дайындығы, ҚР Қорғаныс министрлігі мен Білім және ғылым министірлігінің   басқарма құжаттарының талаптарына сәйкес ұйымдастырылған және мамандығы бойынша оқұ бағдарламаларына сәйкес жүргізіледі.

Әскери дайындық бойынша әскери кафедрада оқу процесінің ұйымдастырылуы келесіден тұрады: оқу жұмысы, оқытушылардың және оқұ-көмектесетін жеке құрамының біліктілігін жоғарлату, методикалық жұмысы, әскери-ғылыми, ғылыми-зерттеу, шығармашылық және рационализаторлық жұмысы; оқұ процесі кезіндегі оқұ материалды-техникалық базасын және материалдық техникалық қамтамасыздандырылуын ұйымдастырылуы жөніндегі арттыру және дамыту іс шаралары; студенттермен әскери-патриоттық және жалпы қорғаныс жұмысы; ішкі тазалықты және тәртіпті сақтау іс шаралары; әскери бөлімінде өтетін оқу жиындары; сынақтар, курстық және шығару емтихандары.

Д. Серікбаев атындағы ШҚМТУ әскери кафедрасы ҚР Қарулы Күштеріне арналған мамандарды жеті әскери-есептеу мамандықтары бойынша дайындайды:

  • «Жалпы әскери бөлімшелерді бөлімдерді және қосылыстарды, ұрыстық қолдануы»;
  • «Негізгі бронетанктік машиналары техникасын жөндеу және пайдалануы»;
  • «Автокөлік техникаларын жөндеу және пайдалануы»;
  • «Жер үсті, өздігінен жүретін және реактивті танктік артиллерияның материалдық бөлігін жөндеу және пайдалануы»;
  • «Телефондық байланыс құралдарымен қамтылған бөлімшелерді пайдалануы»;
  • «АБЖ мен есептеу техникасы объектілерінде ақпараттардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету»;
  • «Арнайы үгіт насихатты ұйымдастыру».

Әскери кафедраның жеке құрамы штаттық кестесі бойынша жасақталған және оның құрамында:

  • профессорлық-оқытушылар жеке құрамы – 26 адам;
  • инженерлік-техникалық құрамы – 7 адам;
  • оқыту-көмектесетін жеке құрамы – 9 адам;

БАРЛЫҒЫ-42 адам.