Оқу үрдісіндегі әдістемелік технологиялар

 «Қаржы, есеп және салық салу» кафедрасы келесі мамандықтар бойынша шығарушы болып келеді:

  • бакалавриат бойынша: 5В050800 «Есеп және аудит» және 5В050900 «Қаржы»;
  • магистратура бойынша: 6М050800 «Есеп және аудит».

5В050800 «Есеп және аудит» және 5В050900 «Қаржы» мамандарды дайындау күндізгі және сырттай оқу түрі бойынша орташа, арнайы орташа және жоғарғы білім негізінде кредиттік технологияларды қолданумен жүзеге асырылады. Орташа білім негізінде күндізгі оқу түріндегі оқу мерзімі - 4 жыл, арнайы орташа білім негізінде күндізгі және сырттай оқу түрлеріндегі оқу мерзімі - 3 жыл, жоғарғы білім негізінде сырттай оқу түріндегі оқу мерзмі - 2 жыл. Аталған мамандықтардың студенттері ШҚМТУ-ті бітірген соң, сәйкес мамандық бойынша экономика және бизнес бакалавры академиялық дәрежеге ие болады. 



6М050900 «Есеп және аудит» оқу бағдарламасы бойынша профильдік және ғылыми, педагогикалық бағыттарда, сәйкесінше оқу 1 және 2 жыл мерзімінде магистранттарды даярлау жүзеге асырылады. Оқу бағдарламасы күндізгі оқу түрі бойынша орыс және қазақ тілдерінде жүргізіледі. Магистратурада кадрларды даярлау келесідей траекториялар бойынша жүргізіледі: «Кәсіпорындардағы есеп және аудит» және «Ұйымдар мен мекемелердегі есеп және аудит». ЖОО-ды бітірген соң, магистранттар 6М050900 «Есеп және аудит» мамандығы бойынша экономика және бизнес (экономикалық ғылымдардың) магистрі академиялық дәрежесіне ие болады.

Барлық мамандықтар бойынша білім берудің мемлекеттік жалпы міндетті стандарттары, типтік оқу жоспарлары бар, оқу-әдістемелік құжаттамалар құрастырылған және бекітілген, мамандықтардың оқу-әдістемелік кешендері де толық құрылған.

Аталған барлық мамандықтардың типтік және жұмыс оқу бағдарламалардың мазмұны, оқу-тірбие беру процесінің әдістемелік қамсыздандыру, студенттердің оқу тапсырмалардың максималды көлемі білім берудің мемлекеттік жалпы міндетті стандарттарға және мамандарды даярлаудың заманауи талаптарына сәйкес келеді. Пәндердің барлығы оқу-әдістемелік әдебиеттермен қамтамасыз етілген.

Мамандықтардың жұмыс оқу жоспарларын құру кезінде модульдік тәсіл қолданылады. Модульдерді игеру барысында оқушылар ойлаудың әдістемелік қағидаларын құруымен, теориялық білімді алумен, даярлау бағыты бойынша тәжірибелік дағдыларды игерумен байланысты кәсіби қызметтерге ие болады. Оқу жоспарларының мазмұны білім берудің жалпы міндетті стандарттарына, еңбек нарығының мұқтаждықтар есебімен құралатын типтік жоспар мен элективті пәндер каталогына, сәйкес мамандықтар бойынша бакалаврлар мен магистранттардың басты (кәсіби) қызметтерінің негізгі талаптарына сәйкес құрылады. 

Кафедра жүйелі түрде білім беру бағдарламалардың өндіріс және тәжірибе талаптарына сәйкестігін білім берудің жалпы міндетті стандарттарын, мамандықтардың пәндер бойынша оқу бағдарламаларын талдау көмегімен; МАК мүшелері мен төрағасының, диплом жұмыстар жетекшелерінің, кәсіби іс-тәжірибелер жетекшілерінің ұсыныстарын жинау және өңдеу көмегімен; жұмыс берушілердің бітірушілер жайында пікірлері негізінде және сол жұмыс берушілермен және бітірушілермен сауалнама жұргізудің көмегімен жүзеге асырады.

Оқу процесі жоғарғы мамандырылған профессорлық-оқытушылық құраммен жүргізіледі. Шығарушы кафедрада 14 оқытушы жұмыс істейді, соның ішінде 7 ғылым кандидаты оқу дәрежесіне ие. 

Оқу бағдарламаларды жүзеге асыру барысында кафедра оқытушылары оқытудың жаңа әдістерін, компьютерлік, пән аралық, мәселелі-бағдарлық және жобалық-бағдарлық технологияларды, мультимедиялық құралдарды қолданады. Білім берудің жаңа әдістер мен қағидаларын ендіру сабақты өткізудің белсенді нысандары қолданумен жүргізіледі: әсіресе «Инвестициялық жобалардың тиімділігін бағалау», «Қаржылық менеджмент», «Ақша, несие, банктер», «Қаржылық талдау техникасы» және т.б. пәндерде қолданылатын кейс-технологиялар, нақты қаржылық-экономикалық жағдайларды қарастыру және талдау, іскерлік және коммерциялық ойындарды өткізу. 

Оқытылатын материалдардың көрнектілігін жоғарылату мақсатында және құжаттармен жұмыстағы студенттердің тәжірибелік әдеттерін дағдыландыру үшін ілеспе материалдар (сызбанұсқалар, кейстер, жағдайлар сипаттамалары, нұсқаулық материалдар) кең қолданылады. Әсіресе келесі пәндерде: «Бухгалтерлік есеп және аудит», «Басқарушылық есеп», «Басқарушылық талдау», «Салық және салық салу», «Қаржылық менеджмент», «Қаржылық талдау техникасы», «Компаниялардың қаржылық есептемесі» және т.б. 

Бекітілген жоспар бойынша кафедрада ғылыми-әдістемелік семинар жұмыс істейді. Семинарда қарастырылған сұрақтардың ішінен келесілерді белгілеуге болады:

  • ҚР-ның, ҚР ЖОО-ның және ШҚМТУ-нің стратегиялық бағдарламалар мен жоспарларды талқылау;
  • кафедра оқытушылардың өзара сабаққа қатысу нәтижелерін талқылау; 
  • ашық сабақтарды талқылау;
  • ескірген жұмыс бағдарламаларды және басқадай әдістемелік материалдарды қайта қарау және жаңа әдістемелік нұсқауларды әзірлеу.

2008-2009 оқу жылында кафедрада алғашқы рет студенттерді «Бухгалтер-салықшы» жұмыс кәсіпке оқыту ұйымдастырылған. 2015-2016 оқу жылында барлығы 75 студент бұл оқудан өтіп, куәлік алды.


Выпускники специальности Организация производства Нуреев Р.М. – д.э.н., ординарный профессор Высшей школы экономики (г. Москва) Костырко Р.А. – д.э.н., профессор, Национальная Академия статистики, учета и аудита, г. Киев (Украина) Профессор Лычагин (НГТУ) с ППС и студентами