"МЕКТЕП -ЖОО" жобасы

  • ШҚМТУ-да «Қаржылық қайта жүктеу-2017» мектеп оқушыларына арналған олимпиада өтті

20 мамыр ШҚМТУ-да қаржы, есеп, аудит бойынша олимпиада өткізілді. Іс-шара «Қаржы, есеп және салық салу»  кафедрасының оқытушылары мен студенттерінің Жоғары оқу орнына дейінгі дайындық, университетке қабылдау және түлектерді жұмыспен қамтамасыз ету басқармасымен бірлесумен өткізілді.   

Олимпиаданың негізгі мақсаты қаржы, есеп, аудит сферасында колледж, мектеп түлектерінің шығармашылық қабілеттері мен  ғылыми-зерттеу қызметіне қызығушылығын арттыру, дарынды балаларды қолдау үшін қажетті жағдайды жасау, жастар арасында есеп-қаржылық білімді насихаттау мен тарату.  

Ерекше белсенділік көрсеткен Өскемен қаласының мектептері: №1 ОМ, №15 ОМ, №16 ОМ, №29 ОМ, №33 ОМ, №34 ОМ, №44 ОМ, №46 ОМ, «Дарын» лицейі, сонымен қатар  Зырян қаласы №3 ОМ.

Командалар мықты білім мен қабілеттерін, ойға жүйріктіктерін, ойлау қабілеттерінің жоғары екендігін, командамен бірлесе жұмыс істей алатындығын көрсетті. Қатысушылардың шығармашылық қабілеттерін ашуға кафедра оқытушыларының кәсібилігінің арқасында жасалған әсерлі көңіл-күй мен қажетті кездегі көмек  әсерін тигізді.  Олимпиаданы дайындау мен қатысуда университетте алған білімдерін ғана емес сабақтан тыс уақытта өзіндік қабілеттерін көрсете отырып, қаржы-есеп мамандығының студенттері белсенділік танытты.

Лайықты дегендерді таңдау үшін «Қазақстанның Тұрғын Үй Жинақ Банкі» №2 ШҚОФ АҚ халыққа қызмет көрсету орталығының бастығы -  «Қаржы» мамандығының 2012 жылғы түлегі Самжанов А.Б. төрағалымен қатал әділ-қазылар алқасы көмектесті. Олимпиада қорытындысы бойынша барлық қатысушылар «Креативті қаржыгер»; «Қаржылық эрудит»; «Болашақ банкир»; «Жас есепші» номинациялары бойынша дипломдармен марапатталды.

Бұл шара «Қаржы, есеп және салық салу» кафедрасымен екінші жыл өткізілуде, алдағы уақытта университет үшін дәстүрлі болып, талантты студенттердің университетімізде білім алуға ұмтылыс болатындығына сенеміз.  



 

  • Бизнес және кәсіпкерлік мектебінің ашық есік күні

Д.Серікбаев ат. ШҚМТУ Бизнес және кәсіпкерлік мектебі қаланың оқушылары үшін «Мансап навигаторы» кәсіби өзін-өзі анықтау бағдарламасы» атты ашық есік күнін өткізді. Арнайы қонақтар үшін концерттік бағдарлама дайындалды. Аймағымыздың бизнес және кәсіпкерлік саласында, қаржы құрылымдарында табысты қызмет ететін ШҚМТУ БжКМ түлектері оқушылар алдында сөз сөйледі. Сонымен қатар, оқушылар Украиналық бизнес-жаттықтырушылар - «Халықаралық бизнес-білім беру академиясының» дирекоры, аға жаттықтырушы, дербес даму және нәтижелік туралы тренингтер авторы, доцент Наталья Королева және Украина Банк ісі университетінің Бухгалтерлік есеп және аудит кафедрасының профессоры Руслан Костырко ұсынған ақпаратты тыңдады.  Іс-шара флеш-мобпен аяқталды. Оған кездесуге қатысушылардың барлығы белсене қатысты.