Дәулет Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік техникалық университеті

Энергетика

2017 жылдан бастап, «Энергетика және Техникалық физика» кафедрасынан жеке бөлініп шыққаннан кейін кафедра «Энергетика» деп аталады, қазіргі кафедра меңгерушісі PhD докторы, доцент Ақаев Айбек Мұратбекұлы.

Әртүрлi жылдары кафедраның меңгерушiлері болған: Кылышканов Манарбек Калымович, Ердыбаева Назгуль Кадырбековна, Сегеда Тамара Александровна, Плотников Сергей Викторович.

Кафедра күндізгі және сырттай оқу бөлімдері бойынша 2 мамандықтың студенттеріне дәріс береді және бакалавриаттың келесі мамандықтар бойынша шығаратын кафедра болып табылады:

  • 5B071800 – «Электрэнергетика»,
  • 5В071700 – «Жылуэнергетика».

Кафедра сонымен қатар 6М071800 – «Электрэнергетика», 6М071700 – «Жылуэнергетика» мамандықтары бойынша магистрлерді дайындайды.