Математикалық және компьютерлік моделдеу

Кафедраның міндеті

Математика, индустрияны математикалық және компьютерлік үлгілеу, энергетика, бизнес салаларында кәсіптік құзыреттілігі бар, ұлттық және халықаралық деңгейде талап етілген, бәсекеге қабілетті көптілді мамандарды сапалы көпдеңгейлі даярлау.

Кафедраның стратегиясы

Кафедраны технологиялық үрдістерді және зияткерлік жүйелерді математикалық және компьютерлік үлгілеу саласында жаңа білімдерді қалыптастыруға, инновациялық тәсілдемелерді құру, жүзеге асыру және оқу және оқу-зерттеу қызметіне енгізуге бағытталған инновациялық түрдегі кафедраға айналдыру.

Қазіргі уақытта кафедра мамандарды келесі екі бағыт бойынша дайындайды:

 

 

Математикалық және компьютерлік моделдеу:

 

Бакалавриат

  • "Математикалық және компьютерлік модельдеу" білім беру бағдарламасы
  • "Ақпаратты қорғаудың математикалық әдістері" эксперменталды білім беру бағдарламасы

Магистратура

  • "Математикалық және компьютерлік модельдеу" білім беру бағдарламасы
  • "Ақпаратты қорғаудың математикалық әдістері" эксперменталды білім беру бағдарламасы

 

Математика:

  • 6М060100 - Магистратура білім беру бағдарламасы
  • 6D060100 - Докторантура PhD білім беру бағдарламасы

Кафедрасы білім беру бағдарламаларының базалық құрамдас бөлігі болатын және бәсекелесуге қабілетті мамандар дайындауды қамтамасыз етуде маңызды рөл атқаратын жоғарғы математиканың іргелі және арнаулы тараулары бойынша университеттің барлық мамандықтарында оқу үрдісін іске асырады.