Дәулет Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік техникалық университеті

Техникалық физика және материалтану

Физика кафедрасы 1961 жылғы 1 қыркүйекте құрылды.2005-2006 оқу жылы «Техникалық физика» жаңа мамандығының ашылуына байланысты кафедра «Техникалық физика» кафедрасы болып қайта құрылды (лицензиясы АА № 0000018, берілген күні 2002 жылғы 1 сәуір). 2001 жылдан бастап кафедрада 6М060400 – «Физика» мамандығы бойынша магистратура, 2008 жылдан бастап – 6М072300  «Техникалық физика» мамандығы бойынша магистратура жұмыс істейді. 6D072300 Техникалық физиканың мамандығының PhD докторантарын дайындау бойынша бiлiм беретiн бағдарламаның iске асуы үшiн, Д.Серікбаев атындағы ШҚМТУ-дың табысты ғылыми - педагогикалық қызметі және ғылыми кең байланыстары арқасында иновациялық үлгі ретінде«Технопарк-Университеті» Докторантура Ph.D. № 0000018 лицензиясын алды. Кафедраның физика пәні бойынша қызмет көрсететін мамандықтарының жалпы саны – 64.

Жыл сайын кафедра арқылы түрлі (күндізгі, сырттай) оқу нысандары бойынша оқитын 3000-нан артық студент өтеді.

Техникалық физика және материалтану кафедрасында профессор-оқытушылар құрамының жалпы саны – 13 оқытушы. Барлығының базалық білімі бар. Ғылыми дәрежелері мен атақтары бар оқытушылар саны 53%-ды құрайды. Кафедрада 1 физика-математика ғылымдарының докторы, 4 доктор Ph.D және 1 ғылым кандидаты жұмыс істейді. Штаттық құрамының – 1-уі профессор, 4-уі доктор Ph.D, 2-і доцент, 4-і аға оқытушы, 4-уі оқытушы.