Дәулет Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік техникалық университеті

Академиялық қызмет басқармасы

Академиялық қызмет басқармасы Д. Серікбаев атындағы ШҚМТУ-дің құрылымдық бөлімшесі болып табылады, оның құрамында екі бөлім бар:

  • Оқу үдірісін жоспарлау және мониторингтеу бөлімі (ОҮЖжМБ);
  • Тіркеуші Офисі (ТО);

sxemkz15

Академиялық қызмет басқармасы ағымдағы жоспарлау, ұйымдастыру және оқу үдерісін бақылау жұмыстарымен айналысады; сонымен қатар, кафедралар және университеттің басқа бөлімдерімен бірге профессор-оқытушылар құрамының оқу жүктемелерін жоспарлау, орындау және бақылау бойынша әрекеттерін үйлестіреді; академиялық департаментінің ең маңызды әрекеті білім алушылардың аралық және қорытынды бақылауларын үйымдастыру болып табылады; тәжірибенің барлық түрі және түлектердің жұмысқа орналастыруды ұйымдастырады.

Басқарма мақсаттары:

  • университеттің тиісті нормативтік базасын - ережелерін, құжаттандыру рәсімін дайындау арқылы оқытудың кредиттік технологиясын жетілдіру;
  • университеттің барлық дайындық түрлері бойынша білім беру бағдарламаларын дайындау және жетілдіру;
  • оқыту үдерісіне шығармашылық технологиялар әдісін еңгізу және ары қарай даму;
  • пәндерді таңдау жүйесін жетілдіру;
  • білімді бакалавр, магистр, PhD докторларын дайындау үшін жағдайлар қамтамасыз ету.

Білім алушылардың, профессор-оқытушылар және қызметкерлер құрамының ішкі және сыртқы академиялық мобильділікті ұйымдастыру бойынша факультеттер мен кафедралардың жұмыстарының үйлесімділігіне зор назар аударады.

Академиялық қызмет басқармасының негізгі жұмысының бағыты университеттегі барлық мамандықтардың оқу жоспарларын дайындау бойынша үйлесімділік болып табылады (кредиттік технологиясын оқыту және жұмыс берушілердің сұраныстары бойынша оқу үдерісі сапасын қамтамасыз ету талаптарына сәйкес дәлдеп түзету және бейімдеу).

Академиялық қызмет басқармасы, жоғары оқу орнының барлық құрылымдық бөлімдерімен оқу үдерісінің жетілдіруді, білім беру қызметінің сапасын жоғарлатуды үнемі жүзеге асырады; ғылымның, техниканың және инновациялық технологиялардың соңғы жетістіктерін оқу үдерісіне енгізу үшін мүмкіндік жасайды.