Дәулет Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік техникалық университеті

Оқу үдірісін жоспарлау және мониторингтеу бөлімі

Оқу үдірісін жоспарлау және мониторингтеу бөлімі Академиялық департаментінің құрылымдық бөлімшесі болып табылады. Кадрлық әлеуетті нығайту, Д.Серікбаев атындағы ШҚМТУ ғылыми және ғылыми-педагогтік қызметінде кадрлық резервті дайындауда көмек көрсету.

Оқу үдірісін жоспарлау және мониторингтеу бөлімінің міндеттері ШЖҚРМК Д.Серікбаев атындағы ШҚМТУ-дің оқу және оқу-әдістемелік қызметін жоспарлау, ұйымдастыру және жетілдіру, оқу үдерісін тексеру, университеттің құрылымдық бөлімшелерінің оқу-әдістемелік жұмыстарыының жағдайын есепке алу және талдау болып табылады.

Оқу үдірісін жоспарлау және мониторингтеу бөлімінің негізгі қызметтері:

Қазақстан Республикасының білм беру мәселелері бойынша заң актілерінің сақталуын бақылау.

ҚР Білім және ғылым министрлігінің, басқа да жоғары тұрған ұйымдардың нұсқаулық-нормативтік және өкімшілік құжаттарының, ЖОО кеңесінің, ректораттың, Ғылыми және Ғылыми-әдістемелік кенестердің шешімдерінің, оқу үдерісін өткізу мен оқу-әдістемелік жұмыстарын ұйымдастыру жөніндегі сұрақтар бойынша бұйрықтардың орындалуын қадағалайды. 

Университеттің құрылымдық бөлімшелерінің оқу-әдістемелік жұмыстарын жоспарлау, ұйымдастыру және бакылау. 

Университеттің шығаратын оқу-әдістемелік құжаттарының сапасын және оның ҚР БжҒМ-нің нормативтік және әдістемелік құжаттарына сәйкестігін бақылау.

Оқу және әдістемелік жұмыстарды жетілдіруге бағытталған ғылыми-әдістемелік талдауларды ұйымдастыру және енгізу, оқу үдерісін басқару үшін еңбектің ғылыми енгізулерін ұйымдастыру.

Оқу үдерісінің тиімділігін жоғарылату бойынша озат тәжірибені үйрену, талдап қорыту және енгізу.

Оқу әрекетін сапалы басқару, ұйымдастыру үшін оқу үдерісіне оқытудың жаңа ақпараттық технологияларын, қазіргі құралдарын енгізу үшін жағдай жасау. 

ОҮЖжМБ магистратура және докторантура бойынша оқу үдерісін ұйымдастырады. Магистранттар мен докторанттардың сабаққа қатысуы бойынша қадағалау жұмысын жүргізеді, докторлық диссертацияның жетекшілігі бойынша ғылыми кеңесшілерінің жұмыстарын ұйымдастырады.

Ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-құрастыру жұмыстарын жүргізудің жоспар-графигін құрастырады, оған (ЛИП) «IРГЕТАС» инженерлік бейіндегі зертхана базасында зертханалық-тадламалық зерттеулер, барлық оқу мерщімі бойынша докторанттардың іссапары графигі, оның ішінде ғылыми тағылымдамалар, халықаралық конференцияларға қатысу кіреді. Магистранттар мен докторанттардың шетелдің алдыңғы қатарлы ғылым және білім беру мекемелерінде ғылыми стажировка өтуге іс-сапарын қадағалайды, ағымдағы және қорытынды бақылауды ұйымдастыруды (кешенді емтихан қабылдау және МАК құрамы), магистратураның және докторантураның ғылыми-әдістемелік құжаттармен қамтамасыз етілуін қадағалайды. Докторанттардың академиялық икемділігін қадағалау жөніндегі үйлестіруші болып табылады.

Барлық білім алушыларға мамандықтың барлық пәндерін меңгеру бойынша қолайлы жағдай жасайды."