Дәулет Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік техникалық университеті

Текст с ошибкой:


Комментарий:


«Интеграл» оқу-көмек орталығы

«Интеграл» оқу-көмек орталығы 2000 жылдың қыркүйек айында ректордың бұйрығымен құрылды. Ол Д. Серікбаев атындағы ШҚМТУ-нің қосымша ақылы білім беру қызметін көрсететін құрылымдық бөлімшесі болып табылады. 

Орталықтың негізгі іс әрекеттері - күндіз және сырттай оқитын студенттерге жалпы білім беруге, негізгі және элективті пәндерді оқып үйренуіне көмек көрсету.

Орталықта тыңдаушыларға (аптасына 2-4 сағат) қолайлы уақытта тәжірибелі оқытушылар сабақ жүргізеді.

ИнтегралСабақтың түрлері: топтық сабақ (10-12 адам.), жеке сабақтар (2-4 адам), консультация беру, байқама тестілеуі, емтиханға дайындау. 

Семестр бойы кез-келген пән бойынша қосымша оқуға ниет білдірген студенттер орталыққа өтініш береді. Әрбір пән бойынша өтініш пен төлеу ақысы негізінде топ құрылады. 

Топ сабақтары силлабусқа негізделіп, кесте бойынша өткізіледі. Сонымен қатар, тыңдаушылардың өтініші мен курс бағдарламасы бойынша өзгерістер болуы мүмкін. 

Орталықтың тәжірибе жұмыстары әр түрлі пәндер бойынша қосымша сабақтар көптеген күндізгі және сырттай оқитын студенттердің білімдерін жетілдіріп, тереңдетуге, сонымен қатар жоғарғы оқу бағдарламаларын меңгерудегі білімдерінің кемшіліктерін жою үшін қажет екендігін көрсетеді.

Интеграл Интеграл Интеграл