Дәулет Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік техникалық университеті

Бухгалтерия

Милицина Ольга Викторовна 

Бас бухгалтер

  • Білімі - жоғары;
  • біліктілігі – инженер-экономист, 1980 жылы Өскемен құрылыс-жол институтын «Қала шаруашылығының экономикасы және оны ұйымдастыру» мамандығы бойынша тәмамдады;
  • университетте жұмыс істеу өтілі – 35 жылдан артық, бас бухгалтер лауазымында жұмыс істеу өтілі – 30 жылдан артық;
  • «Қазақстан Республикасының Құрметті білім беру қызметкері» Төс кеудесімен марапатталды, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің, Шығыс Қазақстан облыстық Маслихаттың Құрмет  грамоталарымен мадақталды, ЖОО-ның Құрмет Тақтасына ілінді, алған алғыстары бар;
  •  «Қазақстан Республикасының кәсіпқой бухгалтері» сертификатына ие;

телефоны: 26-66-78,

email - OMilitsina@ektu.kz

 


Университет бухгалтериясы университеттің дербес құрылымдық бөлімшесі болып табылады, және де тікелей ректорға бағынады. 

Бухгалтерия төмендегі нормативтік құжаттарды басшылыққа алады:

  • Қазақстан Республикасының Конституциясын;
  • Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңын;
  • Қазақстан Республикасының Еңбек Кодексін;
  • Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы № 99-IV ЗРК Заңымен қабылданған Қазақстан Республикасының «Бюджетке төленетін салық және басқа да міндетті төлемдер» Кодексін (салық кодексі);
  • Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 28 ақпандағы № 234-III «Бухгалтерлік есеп және қаржы есептемесі туралы» Заңын (өзгертулері мен толықтырулары бар);
  • Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 01 наурыздағы № 413-IV ЗРК «Мемлекеттік мүлік туралы» Заңын (өзгертулері мен толықтырулары бар);
  • Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 04 желтоқсандағы № 434-V ЗРК «Мемлекеттік сатып алу туралы» Заңын (өзгертулері мен толықтырулары бар); 
  • Университет Жарғысын;
  • Халықаралық қаржы есептемесі стандарттарын (МҚЕС);
  • МҚЕС-на берілген әдістемелік ұсыныстарды;
  • университеттің Есеп саясатын;
  • бухгалтерлік есепті ұйымдастыру, қаржы, салықтар, мемлекеттік сатып алу жөніндегі нұсқауларды, нұсқаулықтарды, бұйрықтарды;
  • Уәкілетті органның бұйрықтары мен нұсқаулық материалдарын;
  • ректордың бұйрықтары мен өкімдерін;
  • өзге нормативтік құжаттарды.