Дәулет Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік техникалық университеті

Әкімшілік департамент

Әкімшілік департамент Д.Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік техникалық университетінің дербес құрылымдық бөлімшесі болып табылады.

Әкімшілік департаментінің негізгі міндеттері:

  • Университеттің даму бағдарламасын және жұмыс жоспарын әзірлеуге және іске асыруға қатысу.
  • Бақылауға алынған және директивалық құжаттардың уақтылы әрі сапалы орындалуын қадағалауды қамтамасыз ету, бұл мәселелер жөнінде Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің ұйымдастырушылық-бақылау қызметтерімен және басқа мемлекеттік басқару органдарымен өзара іс-әрекет құру, сондай-ақ, Ғылыми Кеңес және университет ректораты шешімдерінің орындалуын қамтамасыз ету.
  • Университет қызметін құжаттамалық қамтамасыз ету.
  • Төмендегі органдардың жұмысын ұйымдастырушылық қамтамасыз ету және үйлестіру: ректораттың, Университет қызметкерлерін аттестаттау комиссиясының, Тәртіптік комиссияның, қызметкерлердің мамандығы бойынша жұмыс өтілін нақтылау комиссиясының, кадрлық тағайындау комиссиясының, ішкі аудит комиссиясының және т.б.