Дәулет Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік техникалық университеті

Канцелярия

Канцелярия дербес құрылымдық бөлімше ретінде университеттегі құжаттамалау үдерісін ұйымдастыру мен бақылау, және де құжаттаманы басқару жұмысымен айналысады.

Іс қағаздарын жүргізу туралы үлгі нұсқаулыққа орай іс қағаздарын жүргізуді ұйымдастыру және қадағалау бөлімінің қызметкерлері негізгі ағымды жұмысты орындайды, күн сайын бұйрықтарды, хаттарды, әдістемелік нұсқауларды, өтініштерді, қызметтік жазбаларды, өтінімдерді тіркеп, қол қоюға жібереді, газеттерді таратады. Құжаттар (ақпарат, іс-шаралар жоспарлары, ақпар) көшіріліп, құрылымдық бөлімшелерге таратылады. Сонымен бірге, күнделікті поштаға (сәлем сауқат, бандероль), ұйымдар мен кәсіпорындарға шығыс хаттарын және басқа да корреспонденцияны жеткізу жүргізіледі.